ӘЛЕУМЕТТІК ҚОЛДАУ АРТАДЫ

Мемекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Сындары қоғамдық диолог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Жолдауын талқылау және оны орындау жолында ауданнан құралған насихаттық топ ауылдық округтерде тұрғындармен кездесулер өткізуде.

Өткен сейсенбіде насихаттық тобы өз жұмысын Жарсуат, Құрылыс, Ақтан, Қызылжар ауылдарынан бастады. Кездесуді насихаттық топтың басшысы, аудан әкімінің орынбасары Ақтілек Мусағалиев ашты. Жолдауда көтерілген әлеуметтік мәселелер бойынша аудандық жұмыспен қамту орталығының басшысы Жеңіс Иғалиев баяндама жасады. Баяндамашы атаулы әлеуметтік көмек, соның ішінде аз қамтылған, табысы төмен отбасыларға ақшалай және әлеуметтік бейімдеу бойынша жұмысқа орналастыру, өз бизнесін ұйымдастыруға көмектесу және жұмыспен қамтудың басқа да түрлері арқылы отбасының табысын арттыруға бағытталғанын атап өтті.

- Елімізде 54,9 мың адам жұмыспен қамтудың белсенді шараларына тартылды. Соның ішінде 18,7 мың адам тұрақты және 5,6 мың адам уақытша жұмыс орындарына орналастырылды, 2,9 мың адам кәсіптік даярлыққа және қайта оқытуға жолданды. 10,3 мың адам кәсіпкерлікті дамытуға микрокредит, соның ішінде 8,4 мың көп балалы отбасы, мүгедектігі бар тұлға және жастар кәсіпкерлікті дамыту үшін шағын несиелер алды. Сондай-ақ бизнес идеяны іске асыруға 200 айлық есептік көрсеткіш көлемінде 8 мың грант берілді, соның ішінде 3,4 мың көп балалы отбасы бар, - деді ол.

Жолдауд а Президент ашықтықты, әділеттікті және еңбекке ынталандыруды қамтамасыз ете отырып, АӘК тағайындау тетігін түзетуді және аз қамтамасыз етілген отбасылар тарапынан балаларға қосымша кепілдендірілген әлеуметтік пакетті ендіру тапсырған болатын. Бұл бағытта салалық Министрліктің атқарылған жұмысынан бөлім басшысы айтып өтті.

-Көп балалы отбасылар үшін республикалық бюджет есебінен мемлекеттік жәрдемақы енгізіледі. Бұл мемлекеттік жәрдемақыны төлеу отбасының табысына тәуелді болмайды және барлық көп балалы, яғни 4 және одан да көп кәмелеттік жасқа толмаған балалары бар отбасыларға төленеді. Бұл төлемнің мөлшері отбасындағы бала санына байланысты дифференциалды болады, орта есеппен әр балаларға 10-11 мың теңгені құрайды және 2018 жылдан бастап тағайындалуы тоқтатылған жәрдемақының мөлшерінен 4-7 есе артық болады. Бұл көп балалы отбасыларға қосымша қолдау болады, -деген бөлім басшысы Жеңіс Қуанұлы басқа да жәрдемақыларға тоқталып өтті.

Саламат БАЗАРБАЕВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521