Айлық басталды, аянып қалмайық!

«Тазалық-денсаулық негізі» демекші, елді мекендерді ел болып абаттандырып, санитарлық жай-күйін жақсартудың екі айлығы жарияланды.

Аудан әкімінің үстіміздегі жылдың 7 наурызындағы №50 қаулысына сәйкес жарияланған 15 наурыз-15 мамыр аралығын қамтитын тазалық айлығының өту барысын арнайы құрылған аудандық штаб бақылауында ұстайтын болады. Әрбір елді мекендерде мекеме, кәсіпорын, кәсіпкерлік нысандарға аумақтар, көшелер, алаңдар бекітіп беріліп, тұрмыстық және беталды пайда болған қоқыстарды, металл сынықтары мен құрылыс қалдықтарын елді мекен аумағынан шығарып, бұзылған ғимараттардың орнын тазалау шаруалары жүктеліп отыр. Сонымен қатар, қоқыс алаңдарын санитарлық талапқа сай етіп, стихиялық сауда орындары мен автокөлік құралдарының уақытша тұрақтарына тыйым салу көзделіп отыр.

Тұрғын үйлер, әлеуметтік-мәдени, қоғамдық орындар мен ғимараттардың қасбеттері мен дәліздері ретке келтіріліп, көпқабатты үйлердің жертөлелерін судан құрғату шаралары да айлық кезінде қамтылуы тиіс.

Барлығын алғанда аудан көлемінде 56 рет сенбілік өтіп, оның барысында бұралқы ит-мысықтарды жойып, көше жарығын қалпына келтіру жұмыстары да жүргізілуі керек.

Айлық кезінде қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы мен учаскелік полицияларға меншік түріне қарамастан, айналасын таза ұстамағандарға ескерту беріп, айыппұл салу шараларын алу ұсынылған.

«Таза сенбі» ұранымен әр сенбіде тазалық жұмыстары жүргізіліп, әр аймақта жасыл желек егу жұмыстары қолға алынады. Ауыл көркі – өз көркіміз екенін ескерсек, бұл іске барша тұрғындардың атсалысуы керек-ақ.

Өз тілшіміз

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521