ban2

Айдастыру емес, ақылға жеңдіру керек

Қазақстан халқы Ассамблеясы Атырау облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» мекемесінің ұйымдастыруымен аудандық «Нұр Отан» партиясы ғимаратында медиаторлар кеңесінің «Отбасылық-тұрмыстық қақтығыстарды шешу үшін бітімдестіру рәсімдерін қолдану тәжірибесі» тақырыбында мәжіліс өтті.

 

Жиынға аудандық аналар кеңесінің төрағасы С.Жанғалиева төрағалық етіп, алдымен ауданның кәсіби емес медиаторы Т.Темірболатов тәжірибесімен бөлісіп, ойын ортаға салды.

-Қазір бәрі сауатты болып алған. «Сотқа бар» деп айтақтап қоя береді. Ол дұрыс емес. Өткен жылы біздің ауылда бір жер дауы болды. Көршісі үй салғанда келесі көршісінің үйіне тақап жіберген. Енді ол үйін майлайын, жөндейін десе екі үйдің қабырғасына кіре алар емес. Ақыры біз барып, мәселені түсіндіріп, татулыққа шешіп бердік, - дей келе қазір ағайындардың арасында да жерге, мүлікке талас барын, оған өте сақтықпен қарап, округ әкімдері даудың алдын алып отыру қажеттігін көтерді.

Сонымен қатар, Атырау облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» мекемесінің медиаторы С.Мұратбек слайд бойынша атқарған жұмыстарды толық баяндап өтті. Осындай пікір таластардан соң жиынды С.Жанғалиева қорытып, баршаға алғысын жеткізді.

Толығырақ 27 желтоқсандағы санынан оқи аласыздар

Жарнама

banner_small

Сауалнама

Жаңа дизайн ұнадыма?

Бейнебаян жаңалығы

Жарнама

banner_small

baner