«АБК-ның» ажары кірді

Сыртқы жазылуына қарай көпшілік «АБК» атап кеткен көп қабатты ғимаратқа жөндеу жұмыстары жүріп, ажарланып шыға келді.

Аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, ав- томобильдер жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы Абзал Рамазановтан білгеніміздей, ғимараттың сыртқы беті заманауи үлгідегі сайдинг қаптамасымен қапталып есіктері де ауыстырылды. Оған бюджеттен 28 541 000 теңге бөлініп, жұмыстары әлі де жалғасып жатыр.
Бұрынғы Борат руднигінің кеңсе ғимараты болған бұл нысан 2005 жылы коммуналдық меншікке сатып алынған болатын.
– Содан бергі уақытта ғимараттың еден жабындысына жөндеу жұмыстары жүргізілмеген еді. Биыл 3 қатарының еден жабындысына жай жөндеу жұмыстары жүргізілді. Оған бюджеттен 4 979 000 теңге бөлініп, жұмыстары атқарылды, - дейді салалық бөлім басшысы А.Рамазанов.

С.САНСЫЗБАЙҰЛЫ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521