ban2

7 адам түрлі жарақат алса, бір адам машина қағып мерт болды

6-9 желтоқсан күндері, яғни көктайғақ кезінде «Атырау-Индер» жолдарымен арлы-берлі жүруге мәжбүр болғандар да аз болмады.

Алайда, бұл жолы бойына көктайғақ төгілген топырақты да көрмедік.

-Бұл жолды «Аслим» ЖШС жеңіп алған болатын. Бірақ жұмысы әлі көрінбейді, - деді аудандық әкімдіктің төтенше жағдайлар бойынша бас маманы Қайыржан Нұриев.

Оның хабарлауынша, Индербордағы жолдарға «Ақ Жайық» ЖШС арқылы 11 т.м. инертті материал төгілген. Өкінішке орай, қар мен көктайғақ кезіндегі жолға іркілетін қалдықты жинап алатын техника жоқ.

Оны округ әкімінің міндетін атқарушы Асхат Аймұратов та жасырмады. Соңында көктайғақтан аудандық ауруханаға 7 адам түрлі жарақатпен келсе, оның бесеуі бүгінде ем алуда. Ал құрылыстық бір тұрғынды машина қағып, мерт болыпты. Бүгінде тергеу-тексеру жұмыстары жүруде.

С.ХАЛЫҚОВ.

Жарнама

banner_small

Сауалнама

Жаңа дизайн ұнадыма?

Бейнебаян жаңалығы

Жарнама

banner_small

baner