ban2

6 АЗАМАТҚА ХАТТАМА ТОЛТЫРЫЛЫП, АЙЫППҰЛ САЛЫНДЫ

Индер ауданында 10 қыркүйек пен 31 қазан аралығында «Бекіре-2019» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.

Іс-шараның негізгі мақсаты - бекіре және басқа да балық түрлерін заңсыз аулаудың, олардың айналымын анықтау, алдын алу және жолын кесу. Осы іс-шараға байланысты арнайы жұмыс жоспары жасақталып, аудандық полиция бөлімінің жеке құрамы барынша іс-шараға жұмылдырылуда.

«Бекіре-2019» жедел-профилактикалық іс-шарасы кезінде учаскелік полиция инспекторларымен аудандағы жайық өзені жағасынан, яғни, рұқсат етілмеген орында, уақытта заңсыз балық аулаған 6 азаматқа қатысты әкімшілік хаттама толтырылып, айыппұлдар салынды.

Бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да күнделікті жоспарға сәйкес жүзеге асырылатын болады.

А.ҚҰРМАШЕВА,

аудандық ПБ Жергілікті полиция қызметі бөлімшесінің учаскелік полиция инспекторы,

полиция аға лейтенанты

Жарнама

banner_small

Сауалнама

Жаңа дизайн ұнадыма?

Бейнебаян жаңалығы

Жарнама

banner_small

baner