ҮШ АЗАМАТ БОСАП ШЫҚТЫ

Аудандық пробация қызметі тобы аудандық білім, денешынықтыру және спорт бөлімімен 2019 жылға арналған өзара іс-қимыл жасау туралы меморандумға қол қойылды.

Меморандумның негізгі мақсаты - М.Әуезов атындағы орта мектебінің психологімен ерікті волонтерлық негізде пробация қызметі тобының есебінде тұрған жаза өтеуші сотталғандардың мінез-құлқын зерттеу, тестілеу, сараптау, тренингтер өткізу және көмек көрсету жұмыстарын жүргізу. Сонымен қатар пробация қызметінде есепте тұрған азаматтарды қайта әлеуметтендіру процесі негізде «Дария» әсемдік салоны арқылы пробациялық бақылаудағы тұлғаларға ақысыз негізде қызмет көрсетеді. 

Сол секілді, есепте тұрған бір азаматты жеке шаруашылық қожалығы жұмысқа қабылдаса, күні бүгінге дейін жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп 10 сотталған азаматқа медициналық көмек көрсетілді. Сонымен қатар, жаза өтеу тәртібі мен шарттарын бұзбай, түзелу жолына түскен 3 сотталған азамат мерзімінен бұрын шартты түрде босатылды.

А.ҚҰРМАШЕВА,

аудандық пробация қызметі тобының аға инспекторы

Сурет ашық дереккөзден алынды

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521