ban2

2002 жылы туғандарды тіркеу басталады

2019 жылдың қаңтар айының 18-інен бастап 2002 жылы туған азаматтарды Индер ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің шақырту пунктінде тіркеу жұмыстары жүргізіледі.

Жыл сайын қаңтар-наурыз аралығында 17 жасқа толатын Қазақстан Республикасының азаматтары әскерге шақыру пунктіне тіркеледі. Тіркеуді тиісті жергілікті атқарушы органдар ауданның жергілікті әскери басқару органдарымен бірлесіп, азаматтарды әскери есепке қою, олардың санын, әскери қызметке жарамдылық дәрежесін айқындап, білім деңгейін, алған мамандығы мен дене дайындығы деңгейін белгілеу мақсатында ұйымдастырады және жүргізеді.

Әскерге шақыру пунктіне тіркелуге жататын барлық азаматтар шақырту қағазында көрсетілген құжаттарды өзімен бірге алып, оларға нақты белгіленген күні және Индер ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің шақырту пунктіне, Қаражанов 11 мекен-жайына тіркеуге келуге міндетті. Шақырту қағаздарын алмаған азаматтар жеке басын куәландыратын құжаттарды өзімен бірге алып 2019 жылы 18 қаңтарда көрсетілген мекенжай бойынша келуі қажет.

Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 16 ақпандағы № 561-VI «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Заңын негізінде меншік нысанына қарамастан, кәсіпорындар, мекемелер, ұйымдар, білім беру ұйымдарының басшылары тіркеуден өту үшін әскерге шақыру пунктіне тіркелуге жататын азаматтарды қажетті уақытта босатуға және олардың қорғаныс істері жөніндегі бөліміне келуін қамтамасыз етуге міндетті.

Н.Манкеев,

аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімі жасақтау тобының топ бастығы, капитан.

Жарнама

banner_small

Соңғы жаңалықтар

Фотогалерея

Бейнебаян

Тегтер

Метки отсутствуют.

Сауалнама

Жаңа дизайн ұнадыма?

Күнтізбе

Редакция

 
Zhanai-min

Жанай Амантурлин Исламғалиұлы
- бас редактор

Aral-min

Арал Байжігітов
- бас редактордың орынбасары-жауапты хатшы


Suieu-min

Сүйеу Халықов
- жоғары санатты тілші


salamat-min

Саламат Базарбаев Сансызбайұлы
- бірінші санатты тілші


Dias-min

Диас Айбаров Ағысұлы
- екінші санатты тілші

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 701 666 27 49     +7(7122) 45-85-21

baner