СЫРБАЗДАН ҮЛГІ АЛ, ӨРЕН!

Аққала ауылына бара қалсаңыз бүгінде тегіс жолдың бойында «Мақтанышымыз – Талғат Сырбаз» деген әсем көрнекілік көзіңізге оттай басылары сөзсіз.

Расында да жастайынан өзі қалап айналысып жүрген еркін күрестен әлем чемпионатының қола жүлдегері, Азияның күміс жүлдегері, Қазақстанның төрт дүркін чемпионы атанған жас секілді аудан, облыс, тіпті республика намысын әлемде абыроймен қорғау кез-келгеннің басына бұйыра бермейтін бақ. Сондықтан да әуелде мектеп пен алғашқы жаттықтырушысы Нәсіпқали Кәукеновтің бойын қуаныш кернесе, бүгінде бүкіл ауылдастары оған арнайы бильборд орнатып, атағын баршаға жаюда.

Әрине, осы істерімен бүгінгі жастар мен бесіктегі сәбиге дейін оны үлгі етіп, ізбасары болуға тәрибелеуде. «Алғашқы махаббат партадан басталады» демекші, қалаған ісің мен мамандықты жазбай тану да осы білім ұясы мен ұлағатты отбасынан басталатынын аққалалықтар осылайша дәлелдеп отыр. Сондықтан да бұл іске мұрындық болған ауыл жастарына алғыстан басқа айтарымыз жоқ.

С.ХАЛЫҚОВ.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521