Сырбаз –тағы да чемпион

Өскемен қаласынан индерлік бапкер Нәсіпқали Кәукенов сүйінші хабар жеткізді. Шәкірті, 65 келідегі еркін күрес шебері Сырбаз Талғат жастар арасында Қазақстан чемпионатының тағы да алтын медалін жеңіп алды.

- Бұл шәкіртімнің республиканың жасөспірімдер және жастар арасында алып отырған 4-ші алтын медалі. Ол Өскемен бозкілемінде өз салмағының талассыз жеңімпазы екенін тағы да дәлелдеді. Алда Азия құрлығының басты бәсекесінде чемпиондық межеден көрінуге талпынатын боламыз және жақын арада уневерсиада бәсекесінде де бақ сынамақ - дейді, чемпион жерлесіміздің аққалалық алғашқы бапкер Нәсіпқали Кәукенов.

- Айта кетейік Сырбаз Талғат бұған дейін Әлемнің және Азия құрлығының жастар арасындағы чемпионаттарында жүлдегер атанған болатын.

Саламат Б.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521