Нұрхат Қарағандыдан жеңіспен оралды

Оқушылар шығармашылық орталығының ұстазы мен шәкірті Қарағанды қаласында өткен кеме үлгілерін жасау спортынан жеңіспен оралды.

Қазақстандық Федерациясының республикалық чемпионатында «Көктем» қазақ орта мектебінің оқушысы Исламғали Нұрхат І орын иеленсе, жетекшісі - Оқушылар орталығының қосымша білім беру педагогі Бағытжан Шынболатұлы ІІ орын иеленіп, Қазақстан Республикалық дәрежедегі төрешісі куәлігін иеленді.

Осы сайысқа Құлсары қаласындағы Жас техниктер станциясының оқушылары да қатынасып, Атырау облысының намысын қос аудан қорғаған болатын. Атырау облысының топтық командасымен ІІІ дәрежелі орын мен кубок иеленді. Облысымыздың намысын қорғап топ жарған оқушымыз бен жетекшімізге шығармашылық табыс тілейміз.

Айнагүл ЖАНҒАЛИЕВА,

бұқаралық бөлім меңгерушісі.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521