Көктоғайдың асығы алшысынан түсті

Аудандық дене шынықтыру және сауықтыру кешенінде еліміздің дамуына үлес қосқан жерлесіміз, Социалистік еңбек ері Ідіріс Үсеновті еске алуға арналған ерлер арасында волейболдан турнир өтті.

Турнирдің ашылу салтанатында аудан әкімі М.Қалауи жүрекжарды лебізін білдіріп, жарысқа қатысушыларға сәттілік тіледі.

Аталмыш жарысқа 10 команда қатысып, бақ сынады. Үміттерін үкілеп келген волейболшылар әр кезеңді тартысқа толы өткізіп, әдемі ойын өрнегін көрсете білді. Қарсыластарына қарағанда ұпайды көп жинаған «Индер», «Елтай», «Көктоғай» және Атырау университетің командалары финалға шықты.

Осылайша дара шыққан «Көктоғай» командасы (қаржылай 100 000 тг) бірінші орынды еншілесе, екінші орынды (75 000тг) «Елтай» командасы қанжығысына байлады, үшінші орынды «Индер» (50 00тг) командасы қанағат тұтты.

Жарыс қорытындысы бойынша командааралық және жекелей танылған жарыс жеңімпаздарына арнайы жүлделер табысталып, ақшалай сыйлықтар тапсырылып, бірқатар белсенділер марапатталды.

Г.ИГІЛІКОВА.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521