Бота палуан – болашақтың үміті

«Дендер» газетінің жүлдесі үшін қазақ күресінен жасөспірімдер арасында тұңғыш рет «Бота палуан» батыс аймақтық ашық турнирі Атырау қаласында өтті.

Жарысқа еліміздің батыс аймағынан - Ақтөбе, Маңғыстау, Батыс Қазақстан облысы және Атырау облысының барлық аудандарынан командалар ат арытып келіп, күш сынасты.

Жарысқа жиналған көрермендер мен жас палуандар алдымен «Дендер» газетінің тарихы мен жетістігін паш етер арнайы көрмені тамашалады. Жарыс Қазақ елінің Гимнімен ашылып, Көк туымыз биікке көтерілді. Аудан әкімі Мейірім Қалауи қонақтарға қош келдіңіздер айтып, құттықтау тілегін арнады.

-Индер ауданының күнделікті өмірін, қоғамдық-саяси жағдайын, халыққа насихаттап отырған «Дендер» газетінің 85 жылдық мерейтойымен баршаңызды құттықтаймын.

Бүгінде еліміздің барлық өңірлерінде спорт нысандары бой көтеріп, жас ұрпақтың спортпен алаңсыз айналысуына барлық жағдай жасалып жатыр. Өңірімізде де бұл игі іс жақсы жалғасын тауып, шынығып өскен жас спортшылардың қатары көбеюде, - деген аудан әкімі Мейірім Жоламанұлы осы жарыстың ұйымдастырылуына лайықты үлесін қосқан Қазақ күресінен Азия құрлығы федерациясының бас хатшысы Рафаэль Хабиров пен ауданның Құрметті азаматы, жарыс демеушісі Алтынбек Нысанғалиевқа алғыс хат табыс етті. Ол қазақ спортын дамытуға қосқан үлесі үшін арнайы медальмен марапатталды. Өз кезегінде федерация өкілі Р.Хабиров аудан әкімі Мейірім Жоламанұлына қазақ күресінің күртесін кигізді. -Жас ұрпақты тәрбиелеуде ұлттық спорттың маңызы өте жоғары. Бүгінгі аудандық газет атындағы жарыс та осындай жоғары мүддеден шығып отыр,-деді облыстық мәслихат хатшысы Өмірзақ Зинуллин жарыстың салтанатты ашылу рәсімінде сөйлеген сөзінде.

Сонымен қатар Қазақстан Жазушылар одағының облыстық филиалының төрағасы Қойшығұл Жылқышиев пен облыстық қоғамдық кеңес төрағасы Мұрат Өтешов құттықтау тілектерін арнап, жас палуандарға сәттілік тіледі.

Толығырақ газеттің 4 сәуірдегі санынан оқи аласыздар

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521