Ақжайықтағы туристік сапар

Аудан жастарының құрамасы өткен аптада ауданаралық достық қарым-қатынасты арттыру мақсатында БҚО облысы, Ақжайық ауданына іссапармен барып, Ерлан Нұрмұхамбетовті еске алуға арналған жастар арасындағы облыстық туристік-спорттық ойынға қатысып, бақтарын сынады.

Аудандық жастар ресурстық орталығының маманы Айдос Бағытжанов, құрамында Айнара Жолдасқалиева, Айдана Бижанова, Дәулет Бергенбай, Жанарыс Жәрдемов, Наурызбек Идеятов бар аудан құрамасы екі күнге созылған байқауда жағажай волейболынан жарысқа қатынасып, финалға жолдама алды. Содан соң туристік техника байқауында сыналып, аспалы өткел, маятник, параллель өткелден өткен үздік ойын көрсете білді.

Сайыстың екінші күнінде туристік тағамдар дайындау байқауы, алау жағу сайысы өткізіліп, авторлық және гитаралы әндер орындады. Сонымен қатар, іссапар аясында жастар саясаты саласында жұмыс жасаған оралдық Альфия Сырымқожақызы мен Мирболат Нұржанов секілді азаматтармен кездесу өткізіліп, өз тәжірибелерінде жастар саясаты саласының баспалдақтары қалай басталғандығын айтып, тәжірибелерімен бөлісті.

Жадра НАРИМАНҚЫЗЫ,

штаттан тыс тілші.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521