Ақбөбек Түркияға жолдама жеңіп алды

Ұлттық жекпе-жектен Қазақстан чемпионаты Атырауда аяқталды. Жарыстың ашылу салтанатына облыс әкімі Нұрлан Ноғаев қатысып, сайыскерлерге сәттілік тіледі.

Сайыстар барысында Атырау құрамасы сапынан 57 кг Талғат Жұмағалиев, 80 кг Исатай Теміров, 90 кг Дәурен Ермеков және біз үшін қуаныштысы 62 келі салмақта жерлесіміз Ақбөбек Ерғалиева жеңімпаз атанды.

Атырау жекпе-жек құрамасы осы жеңісімен жалпыкомандалық есепте екінші сатыдан көрінсе, бірінші орында Алматы және үшінші орын Ақтөбе спортшыларына бұйырды.

Жеңімпаздар алдағы күндері Түркияда өтетін әлемдік жарыста ел намысын қорғайтын болады.

Саламат Б

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521