1 алтын, 3 қола

Хамитов Орынбек Уәпұлын еске алуға арналған еркін күрестен жасөспірімдер арасында республикалық турнир Ганюшкин ауылында өтті.

Онда аудандық шәкірттеріміз 1 алтын, 3 қола жүлде жеңіп алып, табысты оралды. Атап айтсақ, 55 келіде белдескен Хамидолла Нұрдәулет бас жүлдені жеңіп алса, Сансызбай Жалғас, Асылбек Расул, Қуанышбек Мырзабек жүлдегерлер қатарынан орын алған екен.

-Көршілер күрестен үлкен турнир ұйымдастырған екен. Жарысқа Ресейдің еркін күрес өнері жақсы дамыған Дағыстан мен Қалмақиядан және Астраханның да мықты палуандары белдесті. Қазақстанның да бірнеше қаласы бақ сынаған сын тартысқа толы болды- дейді аудандық балалар спорт мектебінің директоры Мәлік Биғамбаев.

Саламат Б.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521