Жәрдемақы мөлшері 1 шілдеден бастап артады

Еліміз дамыған 30 елдің қатарына кіру мақсатын көздеген нақты да айқын бағдарламаларында азаматтардың лайықты өмір сүру деңгейін жақсартуға қадамдар жасауда. Солардың бірі күн көрісі төмен халықтың табысын арттыру мен қолдау саясаты.

Осы ретте, мүгедектігі бар балаларға күтім жасайтын отбасыларға қолдау көрсетуді күшейту мақсатында 2019 жылғы 1 шілдеден бастап жәрдемақы мөлшері артады. Яғни, мүгедектігі бар балалар мен 18 жастан асқан, бала кезден бірінші топтағы мүгедектердің күтіміне берілетін мемлекеттік жәрдемақы ұлғаймақ. Нақты айтқанда, күні бүгінге оларға төленіп жүрген 31183 теңгенің орнына 1 шілдеден бастап 41578 теңге төленетін болады. Аталған жәрдемақылар ҚР 2005 жылғы 28 маусымдағы №63 «Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар туралы» заңымен реттеледі.

С.СИСАТОВА,

№2 зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру бөлімінің басшысы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521