ТУЫМ МЕНІҢ ТҰМАРЫМ!

Мемлекетіміздің, егемендігіміздің берік негізі найшықтайтын, Тәуелсіздіктей қасиетті ұғымды тереңдей ұғындырып тұратын Рәміздерді қадірлеу мен құрметтеу жайын сөз ете келген Елбасы: «Әрбір азамат Қазақстанның Туын, Елтаңбасын, Әнұранын тұмарындай қасиет тұтуы қажет. Елдігіміздің сыналатын тұсы - осы»,- деп атап көрсеткен болатын.

Сондықтан да әрдайым түрлі салтанатты шаралар мен мемлекеттік мереке- лерде асқақ шырқалатын Әнұранға бүгінде құрмет көрсетіп, бас иіп, төсін кеудесіне ұстай тағзым ететіндердің қатары еліміз түгілі шет елдерде көбейгені нұр үстіне нұр емес пе?! Осы ре т т е ауданымыздағы жергілікті және облыстық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелердегі 105 Ту, 105 Елтаңба мен 3 5 стендінің орналасуы мен жабдықталуы, уақтылы жаңғыртып отырылуы аудандық ішкі саясат бөлімімен ұдайы бақылауда ұсталынып келеді. -Ауданда мемлекеттік Рәміздерді насихаттау мен қолдану мақсатында тиісті ұйымдастыру жұмыстары жылма-жыл жетілдіріліп келеді. Рәміздерді құрметтеу дағдысын қалыптастыру, олардың мәні мен маңызын түсіндіру, оқушыларды патриотизмг е баулу мақсатында жалпы білім беретін ұйымдарында жо- спарлы шаралар тұрақты өткізіледі.

Мұндай қасиеттіде қастерлі жұмыстардан от- басылар мен балабақшалар да сыртқалмайды. Мектептердегі тиісті пәндік бөлмелермен кітапханаларда Рәміздердің бейнелері ілініп қойылған. Барлық білім ордаларында оқу жылы басталуы мен аяқталуы кезеңінде салтанатты түрде мемлекеттік Ту ортаға әкелініп, Әнұранның шырқалуы дәстүрге айналды. Сонымен бірге білім ұяларында әр аптаның бірінші күні Әнұранды шырқау үрдісі іске асады,- деген аудандық ішкі саясат бөлім басшысы Артур Мурзин өткен жылы мемлекеттік Елтаңбаның жаңа нұсқасы қолданысқа енуіне байланыстыда бірқатар жұмыстар қолға алынып, іске асырылып жатқанын айтып өтті.

Жалпы бұл жұмыстарды 2019 - 2021 жылдар аралығында жүргізу көзделіп отыр екен. Сонымен бірге мемлекеттік Рәміздерді орналастыру мен уақтылы ауыстыру жұмысы бойынша тиісінше аудандық және облыстық көлемдегі комиссиялармен тексерулер тұрақты жүргізіліп келеді. Бұл тексерістердің қорытындысымен анықталған кемшіліктер оны жіберген жауапты басшылар мен мамандарға шаралар алу да қарастырылған. -Сондықтан да барлық бөлімдер мен мекеме басшыларына мемлекеттік Рәміздерді талапқа сай қолдануды қадағалау мәселесінде жауапты қызметкерлердің жауапкершілігін арттыру сұралады, - дейді Артур Табылдыұлы. Қайткенде де мемлекеттік Рәміздер - халқымыздың асқақ рухын, ұлттық салт-санасын, бостандыққа жетудегі қаһармандығы мен даналығын, үміті мен арман-тілегін ұқтыратын ерекше құнды белгілер екенін ешқашан да ұмытпалық. Рәміздерді әрдайым қастерлеп, құрметтеп жүргеніміз елдігімізді еңселі ете түскеніміз деп білейік.

С.ХАЛЫҚОВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521