Мұғалімдер мен дәрігерлердің жағдайын жақсартуға мүмкіндіктер жасалады

Бүгін ұлықтау рәсімінде Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев әділетті әлеуметтік саясат мәселесін көтерді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Біз адам капиталын дамыту саясатын жалғастырамыз. Бұл бағытта ең алдымен не істеуіміз қажет? Жаппай білім беруді қолдау, барлық тұрғындарға сапалы медициналық қызмет көрсету...

Міне, осы мәселелер бойынша біздің тұтас бағыт-бағдарымыз бар», - деді Президент. Мемлекет басшысы мұғалімдер мен дәрігерлерге қолдау жасалатынын атап өтті.

«Біз мұғалімдердің және дәрігерлердің мәртебесін көтеретін жаңа заңды қабылдаймыз. Олардың құқығын қорғап, материалдық жағдайын жақсарту үшін тиісті мүмкіндіктер жасаймыз», - деді Қ. Тоқаев.

Сурет: Дереккөз

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521