Бес бастаманы іске асыруда

Ауданымыздың қорғаныс істері ғимаратында Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың бес әлеуметтік бастамасын талқылау және түсіндіру мақсатында дөңгелек үстел өткізілді.

Қорғаныс істері жөніндегі бөлім бастығы Тұрар Бражанов алғы сөзінде Елбасының халыққа арнаған «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» Үндеуінің маңыздылығына және стратегиялық сипатына тоқталып, еліміздегі білім саласының және жастар жағдайының өзекті мәселелері қамтылған әлеуметтік бастамалардың қажеттігін, білім алуға құштар белсенді жастарға мемлекет тарапынан жасалған үлкен әлеуметтік қамқорлық екендігін айтты.

Жиын барысында қатысушылар Үндеудегі жүктелген міндеттерді сапалы жүзеге асыру бойынша өздерінің ой-пікірлерімен алмасты. Олар «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» атты үндеуін бірауыздан қолдап, ондағы тапсырмаларды іске асыруға барлық күш - жігерін салатынын атап өтті.

Нақты айтқанда, бес әлеуметтік бастама – халқымыздың игілігін арттыра отырып, мемлекетіміздің тұрақты дамуы жолындағы ұлы мақсаттарды қамтамасыз ететін теңдесі жоқ, ерекше серпінді жоба.

Г.ИГІЛІКОВА.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521