«Жұпаргүл бағым» бишілер бағын ашты

Жақында Орал қаласындағы Хадиша Бөкеева атындағы драматеатрында өткен екінші республикалық «Батыс жұлдыздары» би байқауына қатысқан «Шашу» би тобы жүлделі екінші орынмен оралды. Халқымыздың ұлттық билерін насихаттау және жаңғыртуды көздейтін бұл сайысқа еліміздің барлық өңірінен 6-9, 10-14, 15-18 жас және одан жоғары жастағылар қатысыпты.

Би тобының жетекшісі Әсел Омар:

- «Жұпаргүл бағым» биі нағыз байқауға арналған. Ол жерде әр бишінің қимылы мен қозғалысы бірдей бір ырғақтағы орындалуынан бастап, сахна мәдениеті, киімдері мен қойылым шеберлігі де бағаланды. Сондықтан осы бар талаптар ескеріліп, жоғары көрсекіш алғанымыз әрине мақтаныш. Шәкірттерімнің– өнерін шыңдау мен үшін мәртебе, өнер, тәртіп, ізденіс бәрі ұштасып өз нәтижесін осындай байқауларда беріп жатады, — дейді.

Г.ИГІЛІКОВА,

Ынтымақ ауылы.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521