Шын жүйріктер топқа түсті

Өткен аптада жаңа мәдениет үйінде аудандық білім, денешынықтыру және спорт бөлімінің ұйытқы болуымен «Елім дейтін ұланбыз» тақырыбында аймақтық мектеп оқушылары арасында айтыс өтті.

Тұсауы осыдан бірнеше жыл бұрын кесілген өнер додасына Маңғыстау, Ақтөбе, Орал, Атырау өңірлерінен талапкерлер қатысып, қазақ өнерінің дəстүрін дәріптеп, мазмұнын одан әрі кеңейтіп, салтын сыйлайтын өнер сүйер қауымына кестелі жыр, сүбелі сөз сайысын сыйлады.

Тұңғыш Президент Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласы аясында айтыс өнерін насихаттап, жас өрендердің бойында ұлтжандылықты тәрбиелеу мақсатында ұйымдастырылған бәйгенің түндігін аудан әкімінің орынбасары Ақтілек Мусағалиев ашып, қазылар алқасына әділдік, ал қанат қаққан жас таланттарға жылы лебізін білдіріп, сәттілік тіледі.

Сонымен 18 ақынның ішінен үшінші орынды ақтөбелік Айсұлтан Көпбергенов, М.Әуезов, Жамбыл атындағы орта мектептің оқушылары Нұрасыл Иса мен Ерхан Бағдат, екіншіні – маңғыстаулық Алшын Суемов пен Жанболат Алиев, біріншіні – қызықоғалық Батыржан Қадірбай жеңіп алды. Ал аудан намысын қорғаған «Көктем» қазақ орта мектептің оқушысы Ертай Кеңес «Бас жүлдені» олжалап, «Алтын домбыраның» иесі атанды. Сондай-ақ Б.Нысанбаев атындағы орта мектептің оқушысы, Жанарай Қалим «Ең үздік айтыскер» номинациясымен марапатталды. Барлық жеңімпаздар мен қатысушыларға арнайы байрақтарын қазылар алқасының мүшелері табыстап, ризашылықтарын білдірді.

Толығырақ газетіміздің 18 сәуірдегі санынан оқи аласыздар

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521