«Өнерім саған, Туған жер»

Жақында осындай атаумен Жарсуат ауылдық мәдениет үйінде Махамбет атындағы орта мектебінің түлегі, «Парасат» орденінің иесі Тасқарина Долорес Сүндетқызы жетекшілік ететін Н.Тілендиев атындағы Кіші Өнер академиясы естен кетпес, ерекше кеш өткізді.

Ұлттық өнерді дәріптеп, шет елдердің сахнасында Қазақ атын шығарып жүрген академия оқушылары көрермендерге шабыт сыйлап, айрықша сезімдерге бөледі. 20 жылдық тарихы бар бұл шаңырақ тарыдай боп кірген таланттарды, таудай талапкерге айналдырып отырғаны сөзсіз.

Концерттік бағдарламада әрбір өнер иесіне таңдай қаққан ауылымыздың тұрғындары мәдени шарадан әуезді әндер тыңдап, мың бұралған биге тамсанып, қазақтың қара домбырасының үніне бір марқайды. Осындай ерекше өнер иелері кезекті концертті «Өз Елім» әнімен аяқтады.

Кеш соңында ауыл әкімі Әлифолла Балахметов Долорес Сүндетқызына арнайы Диплом табыстап, «Ықылас» гүлін тарту етті. Сонымен қатар мектеп кезіндегі ұстазы әрі сынып жетекшісі Бисен Аталық өз шәкіртімен қашанда мақтанып жүретінін жеткізе отырып, ризашылығын білдірді.

Серікқали Нұрайым,

Махамбет атындағы орта мектептің оқушысы.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521