Домбаев дөңі

Қайран Табылды-ай! Қуанса сәбише қуанып, ренжісе қарақазандай болып, кәдімгі баяғының қарияларынша көңілі әбден-ақ қалатын-ды.

Сонысымен кей басшы-қосшылардан көңілі қалып, ерін бауырына алып тулаған, амалсыз кешірім сұрап, онысына өтеуіндей өлең жазып, болмаса әкімінің арғы атасының ақын болғанын еске салып, келіскен сәттерін де көргенбіз. Әйтпесе, ауданның бір басшысының «Осы Индер ауданы мәдениет бөлімінің Қазақстанның Жазушылар одағына қандай қатысы бар осы?»,-деп телефон байланысы әлсін-әлі Алматымен көп сөйлескені үшін ажыратылып, машинасы ана ақынның пәлен жылдық тойына қатысуынан соң жанармайсыз қаңтарылып тұрғанын біліп, күйіп-пісіп, ерін бауырына алып тулайтыны қаншама рет орын алмады.

Ал қуанса, аузынан тастамай әр болмашы әрекетін сөз етіп, көңіліне қонған әдеттерін үнемі жариялап жүруші еді. Дәл осындай қуанған сәттерде ғой, өзі: «Обаны-адыр, адырларды төбе деп, Төбелерді тау деседі біздің ел»,-деп әйгілі «Биіктікте» Толағай болып жырлаған Дендер тауын басы бүтін меншіктеп алып, көңілі түскен жанға сыйға оп-оңай беріп жібере қоятыны. Бұл әдетіне «тарсынған» болып, кейде біз, жиі басқосатын Нұржан бастаған достары, «Жерімізден түк қалдырмадың ғой барлығын үлестеріп жіберіп» дейтінбіз әзілдеп. -Ей мұның да мәнісі бар. Бұл қонақ ертең ауылына барғанда Табылды мені жақсы қарсы алды, құрмет көрсетті, тіпті төбе емес, тау сыйлады деп әңгімелеп жүрмей ме?!

Сол арқылы туған жеріміз оның көңілінде ұмытылмастай қалады. Келе қалса соны іздейтін болады. Соны білмейсіңдер ме?!-деп ойлы жүзін аударып, салмақтана ағынан жарылатын. Толығырақ «Дендер» газетінің 16 мамырдағы санынан оқи аласыздар

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521