Бір тамаша ән үшін

Әсем әуезді ән кеші осылай аталды. Н.Жан­төрин атындағы облыстық фи­лар­монияның әншісі, ҚР мәдениет қайраткері, Жайық өңірінің рухани саласының түлеуіне үлес қосып жүрген өнерпаз Ханзада Сахипова өзіне тән нәзіктікпен, сырлы да сезімтал қоңыр әндері мен термелерін аудан халқына ұсынды.

«Мен қалай ақынмын деп айта аламын, халқымның өз айтқанын қайталадым» деп Мұқағалидың сөзімен кешін бастаған әнші «Қарағым-ай», «Сәулем-ай», «Гүлдарай», «Секіртпе», «Ой көк» секілді халық әндерін шырқап, Қ.Жапсарбаевтың «Қалқа», А.Жұбанов «Қарлығаш», И.Жақановтың «Еділ-Жайық» әндерін нақышына келтіре орындады. Сондай-ақ Сыпыра жырау мен Нұрымның термесін төгілтіп, көпшіліктің көңілін сергітіп, бір марқайтып тастады.

Кешке әншінің қолдаушысы болып, өнерін жоғары бағалап жүрген жан достары филология ғылымдарының докторы, қазақ еліне белгілі ақын Гүлзада Ниетқалиева мен алты Алаштың аймаңдай әншісі, «Дарын» сыйлығының лауреаты, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Сауле Жанпейісова қатысып, өлең шумақтары мен сазды әуендерін арнады.

 

Материалдың толық нұсқасын газеттен оқи аласыздар

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521