«Бар әлемге ғашық көзбен қараймын», немесе индерлік ақын қыз Айнагүл Кемелиеваның дара жолы

Өлең-жырмен қоса сырын кеш те болса ұққан жерлестері бүгінде Атыраудағы №34 көп салалы мектеп-гимназиясының ұстазы Айнагүл Кемалиеваның Индербордағы шығармашылық кешіне белсене қатысып, жүректі тербеген өлеңдеріне ризашылықпен қол соқты.

Жастар орталығында өткен бұл кешті аудандық жастар ресурстық орталығы (Сұңқар Көшеков) мен «Дін және жастар» (Қымбат Кәрім) кабинеті бірлесе отырып ұйымдастырып, оған аудандық ішкі саясат пен білім мен салалық білім ғылым қызметкерлері кәсіподағы аудандық комитеті, мәдениет пен тілдерді дамыту бөлімдері атсалысты.

Кездесуге Атырау мен Индер ауданының Махамбет, Б.Нысанбаев атындағы орта мектеп мұғалімдері мен «Ақ желкен» шығармашылық орталығы мен «Жерұйық» мәдениет орталығы қоғамдық қоры, «Елсана» руханият клубы мүшелері де қатысып, жарсуаттық ақын қыздың «Ай екенмін» атты кітабының тұсауын кесті. Өнер мен өлеңнен шашу шашты.

С.ХАЛЫҚОВ.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521