Бүлдіршіндер жеңіспен оралды

Күні кеше Атырау қаласындағы Н.Жантөрин атындағы облыстық филармонияда IІ Республикалық «Қазақстан таланттары» рухани-патриоттық байқауы өтті.

Байқау эстрадалық вокал, дəстүрлі əн, аспапта орындаушылар, көркемсөз шеберлері, бишілер, жас ғалым, қолөнер және бейнелеу өнері, жас қалам, жас сахна сияқты бөлімдерден жəне əрбір баланың жас ерекшеліктеріне қарай бүлдіршін, балдырған, жеткіншек, жасөспірім, жас өрен және жас дəурен секілді топтардан құралды. Ал талаптары əр бөлім бойынша бір-бір шығарма орындауы қажет.

Байқауға ауданымыздың өнерлі де талантты бүлдіршіндері қатысып, жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар атанып, жүлделі орындарды еншіледі. Толығырақ айтсақ, байқаудың бас жүлдесін және Алматы қаласына жолдаманы эстрадалық вокал, көркемсөз шеберлері бағамы бойынша Елтай ауылындағы «Қызғалдақ» бөбекжайының бүлдіршіні Медина Мелсқызы мен «Балдәурен» бөбекжайының «Құлыншақ», «Айгөлек» және «Балауса» тобының кішкентай бүлдіршіндерден құралған хор ұжымы мен бүлдіршін Ислам Асқарұлы еншіледі.

Толығырақ газетімізден оқи аласыздар

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521