Вы здесь: HomeСпортҚола жүлде бұйырды

Қола жүлде бұйырды

24 Январь 2019

Лондон Олимпиадасының өткеніне де 7 жыл болып қалыпты.

Әсіресе алыптар бәсекесі қашанда қызықты өтеді ғой. Еркін күрестен 125 келіде белдескен қазақ алыбы Дәулет Шабанбай алғашқы бәсекелерін жақсы бастап еді. Әттең, ширек финалда грузин Давид Модзманашвилидан сүрінген болатын. Дегенмен қола жүлде үшін таласуға мүмкіндік туып Ресейдің атақты алыбы Біләл Маховпен белдесті. Біздің жігіт біраз тайталасқанымен ресейлік мықты екенін дәлелдеп кетті. «Қап, қоланы қолдан жібердік» деп, теледидардың алдынан тұрып кеткенім күні кешегідей есімде.

Алайда араға жеті жыл салып Халықаралық Олимпиада Комитеті Д.Шабанбайды жеңген Д.Модзманашвилидің нәтижесін допинг дауынан кейін жоққа шығарды. Енді оның жеңіп алған күміс жүлдесі үшінші орын алған Біләл Маховқа, ал оның қоласы қазақ палуаны Дәулет Шабанбайға бұйырмақ. Яғни Қазақстан қоржынына Олимпиаданың тағы бір қоласы қосылды.

Бірақ допинг дауынан біздің ұтқанымыздан ұтылғанымыз көптеу көрінеді. Мысалы, атақты ауыр атлетіміз Илья Ильин осы Лондонда және Бейжің Олимпиадасында екі дүркін чемпион болып, қазақ спортшыларының ешкім жетпеген нәтижесін көрсетіп еді. Алайда допинг дауынан кейін қос алтыннан да айырылды. Өкінішке орай кейінгі жылдары спорттағы өршіген допинг дауы Олимпиаданың қадірін кетіргендей.

С.САНСЫЗБАЙҰЛЫ.

Яндекс.Метрика

Біз туралы

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 2018 жылғы 16 мамыр күні тіркеліп, тіркеу туралы 17101-Г куәлігі берілген.

Редакцияның мекен-жайы: Индер ауданы, Индербор кенті, Д.Қонаев-18.

Байланыс телефоны: 8 (712-34) 2-11-80, 2-15-26, 2-11-42 (факс)

Электронды пошта: dender_gz10@mail.ru