Вы здесь: HomeСпортҚуандық жеңісімен қуантты

Қуандық жеңісімен қуантты

10 Январь 2019

Жақында Атырау қаласында жекпе-жектен Руслан Айдаралиев атында халықаралық жарыс өтті.

Алыс-жақыннан жиналған мықты сайыпқырандар арасында индерлік Қуандық Бекназаров жеңісімен қуантты. 62 салмақ дәрежесінде сынға түскен жерлесіміз Армениядан келген Алик Игасянмен 3 раундқа созылған жекпе-жек өткізді.

- Армениялық қарсыласымның бойы менен сәл аласа болғанымен қаракүші мол, бұрын күреспен айналысқан мығым жігіт екен. Жекпе-жек барысында аяққа өту әдісін қолданған сәтімде қарсыласым мойнымнан оңтайлы ұстап алды. Қылғындырған сол сәтте жеңіс қарсы жаққа ауып кете жаздады. Бірақ бар күшімді жинап, көтеріп алып соқтым. Содан кейін қарсыласыма еш мүмкіндік бермедім, - деді жерлесіміз Қуандық Сырымұлын сөзге тартқанымызда.

Жеңімпаз кейіпкеріміз Қуандық Бекназаров аудандық балалар спорт мектебінің еркін күрес бөлімінің түлегі. С.Қыраубаев пен Е.Төреханов баптауында еркін күрестің талай жарыстарында шыңдалған жігіт. Кенттегі Ш.Уәлиханов атындағы мектепті, кейін көп бейінді ауыл шаруашылық колледжін тамамдаған. Әскерде Отан алдындағы борышын өтеп келген соң ішкі істер бөлімінде қызмет атқарса, қазір Атырауда жедел әрекет ету арнайы жасағында қызмет етеді.

Саламат Б.

Яндекс.Метрика

Біз туралы

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 2018 жылғы 16 мамыр күні тіркеліп, тіркеу туралы 17101-Г куәлігі берілген.

Редакцияның мекен-жайы: Индер ауданы, Индербор кенті, Д.Қонаев-18.

Байланыс телефоны: 8 (712-34) 2-11-80, 2-15-26, 2-11-42 (факс)

Электронды пошта: dender_gz10@mail.ru