Вы здесь: HomeСпортЖүлденің жартысы индерлік балуандарда

Жүлденің жартысы индерлік балуандарда

05 Ноябрь 2018

Ауданда еркін күрестің негізін қалаушы Сәттіғұл Әзербаев атындағы жасөспірімдер арасында ХІІ республикалық турнир аяқталды.

Ашылу салтанатында жарысқа қатысуға ат арытып келген Қазақстанның батыс өңірінің қалаларымен қатар Ресей Федерациясының күрес өнері жақсы дамыған Чешенстан және Қалмақия елінен, Әзітархан, яғни Астрахан, Самарадан палуандардың өкілдері сап түзеп, Қазақ елінің Мемлекеттік Гимні шырқалды.

Аудан әкімінің орынбасары Қайрат Нұрлыбаев пен аудандық балалар спорт мектебінің директоры Мәлік Биғамбаев құттықтап, С.Әзірбаев ашқан Индердің еркін күрес мектебінен бүгінде алды Азия, Әлем чемпионатының жүлдегерлері шығып, жерлестерін қуантып отырғанын атап өтті.

Жарыс нәтижесін аудандық денешынықтыру және спорт бөлімінің маманы Айдос Бағытжановтан білген болатынбыз. Кілем иесі индерліктер біраз жүлдені өздерінде қалдырған екен. Ал Ресейдің Астраханы мен Қалмақиядан және Батыс Қазақстан облысының Жаңақазан, Бөрлі, Ақжайық, Тасқала аудандарынан, көршілес Құрманғазы, Мақат аудандарынан келген палуандар арасынан жүлделі орындарға ие болғанымен жеңімпаздық тұғырға жете алмады.

С.САНСЫЗБАЙҰЛЫ.

Яндекс.Метрика

Біз туралы

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 2018 жылғы 16 мамыр күні тіркеліп, тіркеу туралы 17101-Г куәлігі берілген.

Редакцияның мекен-жайы: Индер ауданы, Индербор кенті, Д.Қонаев-18.

Байланыс телефоны: 8 (712-34) 2-11-80, 2-15-26, 2-11-42 (факс)

Электронды пошта: dender_gz10@mail.ru