Вы здесь: HomeСаясатЗаңмен шаруасы жоқ тұрғындар шарбағын кеңейте береді

Заңмен шаруасы жоқ тұрғындар шарбағын кеңейте береді

Бөлімі: Саясат
25 Октябрь 2018

Ауданымызда өкінішке орай, кейбір тұрғын үй иелері - коммуналдық жүйелерге, өрт қауіпсіздігі өткеліне арналған мемлекет құзырындағы жер телімдерін өз бетімен заңсыз басып алып, құрылыс жүргізгендері көп ұшырасуда екен.

Осы және басқа да мәселелер аудан әкімі Серік Арыстанның төрағалық етуімен өткен әкімдік мәжілісінде талқыға салынды.

Ауданда құзырлы органдармен бірге жер түгендеуге жүргізілген тексерудің нәтижесінде аудандық жер бөлімінің бас маманы Ардақ Үсенқызы баяндамасында хабардар етті.

–Былтыр Жарсуаттағы Жаналисов көшесіндегі ескертуден қорытынды шығармаған 8 тұрғынның әрқайсысына 120257 теңге көлемінде, барлығы 962056 теңге айыппұл салынды. Бөдене ауылында мемлекеттік актісіне сәйкес емес 7 тұрғын үйге ескерту берілді. Түсіндіру жұмыстарының нәтижесінде 5 тұрғын жерін сәйкестендірсе, 2 тұрғынға жыл аяғына дейін жерін сәйкестендіру тапсырылды, - деді А.Үсенқызы.

Жалпы Жарсуат ауылында 283 үйдің жер актісі бойынша - 214-і, ал Құрылыс ауылындағы 101 үйдің жер актісі бойынша 66 –ының жері сәйкес келмейді екен. Бұл мәліметті Жарсуат ауылдық округінің әкімі Әлифолла Балахметов баяндамасында атап өтті.

Былтыр 4 тұрғын артық жерлеріне өтініш беру арқылы жер актілері мен тұрғын үйлерінің техникалық құжаттарын қайта жасақтап, заңдастырса, 1 тұрғынның өтінішіне «Атырау–Жарық» мекемесі келісім бермеуіне байланысты кері қайтарылса, биыл 7 тұрғын артық жерлеріне мақсатын өзгертіп өтініш беру арқылы жер актілері мен тұрғын үйлерінің техникалық құжаттарын қайта жасақтаған. Бөдене ауылындағы барлық 278 үй толығымен қамтылып аяқталғанын округ әкімі Жанболат Ғизатов айтып өтсе, соның ішінде 83 үйдің тұрғындары өздеріне берілген мемлекеттік жер актілерінен артық жерді еш рұқсатсыз қоршап алғандары анықталған. Жиын барысында аудан әкімінің орынбасары Қайрат Нұрлыбаев жерді түгендеу жұмыстары Көктоғайда ғана бітіп, басқасында әлі жалғасып жатқанын, ал құрылыс жұмыстары көбейіп отырған Индерборда әлі басталмай кешеуілдеп жатқанына сын айтты.

Саламат БАЗАРБАЕВ.

Яндекс.Метрика

Біз туралы

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 2018 жылғы 16 мамыр күні тіркеліп, тіркеу туралы 17101-Г куәлігі берілген.

Редакцияның мекен-жайы: Индер ауданы, Индербор кенті, Д.Қонаев-18.

Байланыс телефоны: 8 (712-34) 2-11-80, 2-15-26, 2-11-42 (факс)

Электронды пошта: dender_gz10@mail.ru