Вы здесь: HomeСаясатЖобалар жолда қалмайды

Жобалар жолда қалмайды

Бөлімі: Саясат
25 Октябрь 2018

«Нұр Отан» партиясы аудандық филиалының ХХҮІ есеп беру-сайлау конференциясы өтіп, оған облыстық мәслихат депутаты, облыстық партия филиалы жанындағы партиялық бақылау комиссиясының төрағасы А.Абдолов қатысты.

Алдымен мандат комиссиясының хабарламасы бекітілген соң «Нұр Отан» партиясы Индер аудандық филиалы Саяси кеңесінің 2017 - 2018 жылдары атқарған жұмыстарының есебі туралы аудан әкімі, аудандық партия төрағасы С.Арыстан хабарлама жасады.

Жалпы жоспарға сәйкес 2017 жылы аудандық мәслихатта фракция отырысының төрт, 2018 жылдың 10 айында екі отырысы өтіп, онда Индербор кентінде кәріз айдау станциясы мен кәріз желілерінің құрылысының жүру барысы туралы бөлім басшыларының, осы жұмысқа қатысты мердігерлердің жұмыстары талқыланған. Аудандық мәслихат депутаттарының қатысуымен ауданда бой көтеріп жатқан құрылыс нысандарын аралау, ондағы жүзеге асып жатқан жұмыстардың сапасына көңіл бөлу басты орынға қойылған. Облыстық мәслихат депутаты С.Құлғалиев «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Бөдене ауылынан Боздақтарға арналған обелискті қайта салып берсе, аудандық мәслихат депутаты С.Байбосынов Ынтымақ ауылында тозығы жеткен құбырларға дәнекерлеу жұмыстарын жасатып, жазғы су беру мәселесі оң шешімін тапқан.

Аудан әкімі хабарламадан соң облыстық мәслихат депутаты С.Құлғалиевқа туған жеріне жасаған тартуы үшін арнайы Алғыс хат пен туған өлке белгісін сыйға тартты.

Ж.Исламғалиев.

Яндекс.Метрика

Біз туралы

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 2018 жылғы 16 мамыр күні тіркеліп, тіркеу туралы 17101-Г куәлігі берілген.

Редакцияның мекен-жайы: Индер ауданы, Индербор кенті, Д.Қонаев-18.

Байланыс телефоны: 8 (712-34) 2-11-80, 2-15-26, 2-11-42 (факс)

Электронды пошта: dender_gz10@mail.ru