Вы здесь: HomeСаясатБайсалды басшы ғана істің байыбына барады

Байсалды басшы ғана істің байыбына барады

Бөлімі: Саясат
25 Октябрь 2018

Жақында Атырау облысы әкімі аппаратының Әдеп жөніндегі уәкілі Азамат Айманакумов пен облыс әкімі аппаратының мемлекеттік құқық бөлімінің басшысы Бексұлтан Марат ауданда болып, мемлекеттік қызметкерлердің әдебі және сыбайлас жемқорлыққа қарсы әдістемелік кеңес өткізді.

Кездесуді аудан әкімі аппаратының басшысы, аудандағы әдеп жөніндегі уәкіл Гүлнұр Сүйеуова жүргізіп отырды.

Әдеп жөніндегі уәкіл Азамат Айманакумов мемлекеттік қызметкердің күнделікті қызмет барысымен қатар қызметтен тыс кезеңде де атына заты сай болып, әділ, байсалды, сыпайы, мәдениетті, яғни үлгілі болуы тиістігін, бұл әдеп кодексінде тайға таңба басқандай жазылғанын, мақсат мемлекеттік органдардың оң имиджін қалыптастыру екендігін атап өтсе, мемлекеттік құқық бөлімінің басшысы Бексұлтан Марат мемлекеттік қызметшілермен тікелей байланысты азайту мақсатында қызметтердің электронды форматқа көшірілудің тиімділіктерін тілге тиек етті.

Кеңес барысында аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі басшысының орынбасары Ажар Серікқалиева, аудан әкімі аппаратының персоналды басқару қызметі бөлімінің басшысы Бақытгүл Мұратова, Көктоғай ауылдық округінің бас маманы Қайрат Табылдиев және тағы басқалары сауалдарын қойып, толымды жауаптарын алды, пікірлерімен бөлісті.

Саламат Б.

Яндекс.Метрика

Біз туралы

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 2018 жылғы 16 мамыр күні тіркеліп, тіркеу туралы 17101-Г куәлігі берілген.

Редакцияның мекен-жайы: Индер ауданы, Индербор кенті, Д.Қонаев-18.

Байланыс телефоны: 8 (712-34) 2-11-80, 2-15-26, 2-11-42 (факс)

Электронды пошта: dender_gz10@mail.ru