Вы здесь: HomeСаясатРухани жаңғыру кабинеті ашылды

Рухани жаңғыру кабинеті ашылды

Бөлімі: Саясат
20 Апрель 2018

«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы аясында ауданымызда біраз жұмыс қолға алынып, жарқын жобалар жүзеге асуда.

Міне, аталмыш бағдарламаның жыл толу аясында Бөдене ауылдық округіндегі көрікті ғимараттың ішінен «Рухани жаңғыру» кабинеті ашылды.

Атаулы шараға қатысқан аудан әкімі С.Арыстан барша тұрғындарды осынау ізгіліктің нұры есер рухани қазынаға толы кабинеттің ауыл тұрғындарының игіліне жол тартуымен құттықтады. Елбасының өміршең бастамасынан бастау алған шарада аудан басшысы жастарға М.Әуезовтің «Абай жолы» эпопеясын оқудан бастауды, оқыған адамның ойы дамып, көркем сөйлеу қабілеті артатынын, бұл ең бастысы ана тілімізге деген құрметтің белгісі деп кеңес берді.

Ал ардагер-ұстаз Б.Еңсепов:

– Қаңырап қалған ғимаратты қалпына келтіріп, оның халықтың рухани жетілуі жолына қызмет етуі үлкен жетістік. Жақсыны бағалай білетін халықпыз, – дей келе,  аудан басшысына ризашылығын білдірді. Жалпы кабинет жақсы жабдықталған, «Жаңғырудың жаңа көкжиегі», Елбасы туындылары сынды кітап көрмелері көз тартады.

Шарадан соң аудандық Жастар ресурстық орталығының директоры Ә.Сарғойшина дәстүрлі өтіп жүрген «Book-dating» жобасы аясында кітап оқушылардың жиынын өткізді.

Ж.ІСІМ.

Яндекс.Метрика

Біз туралы

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 2018 жылғы 16 мамыр күні тіркеліп, тіркеу туралы 17101-Г куәлігі берілген.

Редакцияның мекен-жайы: Индер ауданы, Индербор кенті, Д.Қонаев-18.

Байланыс телефоны: 8 (712-34) 2-11-80, 2-15-26, 2-11-42 (факс)

Электронды пошта: dender_gz10@mail.ru