Вы здесь: HomeСаясатЕрекшеліктері түсіндірілді

Ерекшеліктері түсіндірілді

Бөлімі: Саясат
20 Апрель 2018

Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты  халыққа Жолдауын насихаттау және негізгі ережелерін  түсіндіру, «Цифрлы  Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру бағытындағы көшпелі семинар ауданда өтті.

«Қоғамдық қатынастар жүйесіндегі саяси билік» тақырыбымен  өткен көшпелі семинарды Саяси менеджмент Академиясының аймақтық лекторы Баянсұлу Тыныбаева жүргізді. Оған бастауыш партия ұйымының басшылары, мүшелері және партия белсенділері қатысты.

-Бүгінде әлем қарқынды өзгеріп келеді. Бұл жаңа жаһандық болмыс, оны қабылдауға тиіспіз. Әлемде кезекті, Төртінші өнеркәсіптік революция басталды. Қазақстан ХХІ ғасырдың ортасында әлемнің ең дамыған 30 елінің қатарында болуы тиіс. Бұл үшін мемлекеттілікті одан әрі дамытып, экономикалық саясаттың жаңа қағидаттарына көшу сынды кешенді жұмыстар кезегін күтіп тұр, - деген  лектор жаңа Жолдаудың елімізде өнеркәсіп өндірісіне серпін беретіндігін айта келе,  әр саласы бойынша маңызды даму тетіктерін кеңінен түсіндіріп өтті.

Сонымен қатар семинар барысында Жолдауды  талқылау, кейспен жұмыс,  сауалнама жүргізілді.

 

С.ИБРАЙЫМОВ. 

 

Яндекс.Метрика

Біз туралы

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 2018 жылғы 16 мамыр күні тіркеліп, тіркеу туралы 17101-Г куәлігі берілген.

Редакцияның мекен-жайы: Индер ауданы, Индербор кенті, Д.Қонаев-18.

Байланыс телефоны: 8 (712-34) 2-11-80, 2-15-26, 2-11-42 (факс)

Электронды пошта: dender_gz10@mail.ru