Вы здесь: HomeСараптамаРесейде Боранды мақтан тұтады

Ресейде Боранды мақтан тұтады

Бөлімі: Сараптама
31 Май 2018

1."Сельская правда" (2 наурыз, 2018 жыл, жұма) мақалалардан үзінділер.

«В селе воинской доблести»: «24 ақпанда Алексеевка селосындағы мемориалдық кешенінде селоның неміс-басқыншыларынан азат етілгеніне 75 жыл толуына арналған облыс губернаторының міндетін атқарушы Андрей Клычков пен Покровск ауданы басшысы Дмитрий Романовтың, Орел мен Покровск, Глазунов аудандары өкілдерінің қатысымен үлкен митинг өтіп, бауырластар бейітіне гүл шоқтары қойылып, ерлер рухына тағзым етілді.

 2.«Дроскова ауданының жаудан азат етілгеніне-75 жыл» («Сельская правда» (19 ақпан, 2018 жыл,) Авторы Алексей Матвеевич АКУЛИНИН. «1941 жылы 21 қарашадан бастап 24 желтоқсанға дейін гитлерлік оккупанттары Дросково мен Покровск аудандарын басып алды. ВКП (б) аудандық комитетінің шешімімен жаудың тылында неміс-басқыншыларына қарсы күресу үшін партизандық және құпия отрядтар құрылып, іске кірісті.

Фашистер әр өздеріне жаққан адамдардан старостылар мен полицейлерін тағайындап, халықты аяусыз тонауға кірісті. Бір ғана Лазеревка деревнясында 72 үй мен қойма өртеліп, 72 сиыр мен 50 бұзау, 160 қой, 1000 бас құсты жау халықтан тартып алды.

Немістер ағайынды М.П.Гревцевтер отбасын, олардың қызын, бригадир А.Н.Бабаевты, мұғалима Е.А.Внукова, А.В.Шалимова,А.А.Внукова, И.Я.Гревцев, П.С.Веселов, И.Я.Легоставаны атып тастады.

Лески деревнясындағы (Кеңес Одағының Батыры Боран Нысанбаев ерлікпен қаза тапқан жер) 130 үйден тек 30-ы ғана қираса да аман қалды. Муратова-2 деревнясынан 1942 жылы 22 ақпанда фашистер 73 адамды қақаған аязда айдап, олардың арасынан 8 ер адамды белгісіз жаққа алып кетті. Қалған 65 адамды  Вепринецке айдап әкеліп, салқын қораға қамап, ертесіне 64-ін атып тастады. Дроскова ауданы 1943 жылғы ақпанның басында ғана жаудан азат етіле бастады.

3.«Его подвигу жить вечно». 6 февраля 2018 года исполняется 75 лет, как был совершен подвиг самопожертвования «Бросок на амбразуру» сыном казахского народа Бураном НСАНБАЕВЫМ. («Сельская правда» (февраль, 2018 год,)  Автор Лидия ФАРАФОНОВА.

Ерлік орны-Верхно Жернов селолық әкімшілігіне қарасты Лески деревнясы. Бұл деревня 1985 жылдан бастап жойылып кетсе де Батырдың ерлігі мәңгі өшпейді.

 Б.Нысанбаевтың ерлікпен қаза тапқан жерге «Бұл жерде Лескиді жаудан азат еткен 137 атқыштар дивизиясының 771-інші полкінің минометчигі, Кеңес Одағының Батары Боран Нысанбаев ерлікпен қаза тапқан» деп жазылып қойылған белгі орнатылған.

Бұл аудандық газеттің жарты бетін алған үлкен мақалада Боранның ерлігін, оның туған жері және Орел мен Атырау облысының Индер ауданы арасындағы байланыс, сондай-ақ Үкіметтің арнайы қаулысымен В-Жерновск сегізжылдық мектебі Кеңес Одағының Батыры Боран Нысанбаевтың есімімен аталатындығы жазылған.

-Кеңес халқы мен оның даңқты Қызыл Армиясының Ұлы Отан соғысындағы бұл Жеңісі ешқашан де ескірмейді халықтың жадында мәңгі сақталады. Бүгінде біз кеңес халқының жауға қарсы жанқиярлық ерлігінің арқасында тыныш та ашық аспан астында өмір сүріп жатқанымызды  ұмытпаңыздар,-дейді Дросково селосының старостасы А.Акулинин жастарға арнаған сөзінде. Біз де Батыр Боран ерлігінің  даңқы арта берсін демекпіз.

Сөз соңында Боран мұражайы мен мектебіне осы хат пен газеттерді жолдағаны үшін алғыс айтамыз.

С.ХАЛЫҚОВ.

Орел жеріне барған екі делегацияның мүшесі.

Көктоғай ауылы.

 

Яндекс.Метрика

Біз туралы

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 2018 жылғы 16 мамыр күні тіркеліп, тіркеу туралы 17101-Г куәлігі берілген.

Редакцияның мекен-жайы: Индер ауданы, Индербор кенті, Д.Қонаев-18.

Байланыс телефоны: 8 (712-34) 2-11-80, 2-15-26, 2-11-42 (факс)

Электронды пошта: dender_gz10@mail.ru