Вы здесь: HomeМәдениетЖарсуат жастары жарқын көңіл сыйлады

Жарсуат жастары жарқын көңіл сыйлады

Бөлімі: Мәдениет
07 Февраль 2019

Таяуда Жарсуат ауылында жастардың бос уақытын тиімді пайдалану мақсатында «Жастарым ән салғанда» атты ән кеші өтті.

 Көрерменге лық толы болған шараны «Қазақ» биімен мың бұрала билеген «Еркеназ» би тобы ашқан соң, Нұрлан Сағынов, Шұғыла Есжанова, Шынболат Ермекұлы, Нұрдәулет Кеңесов орындауында «Көк аспан», «Сүймедің», «Қазақстаным Ұлы Отаным», «Еркемін» әндері көпшіліктің қолдауына ие болды. Сонымен қатар, «Сыпыра жыраудың термесін» бөденелік Аймекен Құрметқызы орындады.

Аға буын өкілдерімен «Тек қана қыздар» жайдарман тобы жоғары көңіл-күй сыйласа, М.Сабенова, Н.Кеңесов, А.Малайсарықызы орындауындағы «Досым жазған», «Әйел бақыты», «Кімсін» әндері шырқалды. «Жарсуат – Венд» тобы инструменталды аспаптарда сүйемелдеп Ұ.Жеңісқалиев, Н.Сағынов, «Оригинал», «Сен үшін» әндерінен шашу шашты. Ал «Арми» би тобы заманауи ырғақты әдемі би нөмірлерін ұсынды.

Атап айтсақ, «BAND» - ағылшыннан аударғанда «топ» деген мағынаны береді. Сондықтан Сұлтан Қияқбай жетекшілігімен құрылған ВИА «Жарсуат – BAND» тобы - жастарды өнерге баулып, әр түрлі бағыттағы ақындар мен композиторлар әндерін көркем орындауға ұмтылады.

Г.ИГІЛІКОВА.

Яндекс.Метрика

Біз туралы

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 2018 жылғы 16 мамыр күні тіркеліп, тіркеу туралы 17101-Г куәлігі берілген.

Редакцияның мекен-жайы: Индер ауданы, Индербор кенті, Д.Қонаев-18.

Байланыс телефоны: 8 (712-34) 2-11-80, 2-15-26, 2-11-42 (факс)

Электронды пошта: dender_gz10@mail.ru