Вы здесь: HomeМәдениетБес жасар Ақжүніс Болгарияға жолдама алды

Бес жасар Ақжүніс Болгарияға жолдама алды

Бөлімі: Мәдениет
30 Январь 2019

«Бұлақ көрсең көзін аш» дегендей, бойында титтей де болса да талантты бар бүлдіршіндердің өнерін паш етіп, жарыққа шығаратын түрлі байқаулар аз емес.

Міне, жақында Алматы қаласында өткен «Достар дауысы» халықаралық шығармашыл жастар байқауы осының дәлелі болса керек.

Еліміздің түкпір-түкпірінен кішкентай бүлдіршіндер жарысқан байқауда «Айналайын» балабақшасының кішкентай бүлдіршіні, бес жасар Асқар Ақжүніс Есетқызы I дәрежелі дипломмен бірге, Болгария қаласына жолдаманы жеңіп алды. Бұл өнер додасында Ақжүніс әнші Б.Бейсенованің әні мен сөзіне жазылған «Ұстаз ана» өлеңін шырқап, қазылардың көңілінен шықты. Кішкентайынан-ақ сыңғырлаған балғын дауысымен ән шырқай бастаған Ақжүністің бүгінде жеткен жетістіктері де жетерлік. Оны осы байқауға дайындаған ұстазы Бейбіт Ғилманұлының еңбегі зор.

- Қазір кішкентай Ақжүнісім бес жаста. Білім мен өнер десе жанын аямауға бар. Оның осы өнер сайыстарында жетістікке жетуіне кішкентайынан бойындағы қабілетін байқаған ұстазына алғысым шексіз,-дейді әжесі Нұржамал Сағынтайқызы.

«Достар дауысы» – жай ғана жарыс емес, ол – балалар үшін ұмытылмас тәжірибе болды, біздің байтақ еліміздің түкпір-түкпірінен келген балаларға жаңа достар табуға үлкен мүмкіндік болса керек.

Диас А.

Яндекс.Метрика

Біз туралы

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 2018 жылғы 16 мамыр күні тіркеліп, тіркеу туралы 17101-Г куәлігі берілген.

Редакцияның мекен-жайы: Индер ауданы, Индербор кенті, Д.Қонаев-18.

Байланыс телефоны: 8 (712-34) 2-11-80, 2-15-26, 2-11-42 (факс)

Электронды пошта: dender_gz10@mail.ru