Вы здесь: HomeМәдениетБалалар әдебиетінің бәйтерегі

Балалар әдебиетінің бәйтерегі

Бөлімі: Мәдениет
11 Декабрь 2018

Аудандық балалар кітапханасында балаларды отансүйгіштікке баулитын Қазақстан халық жазушысы, классик ақын, көрнекті қоғам қайраткері Мұзафар Әлімбаевтың туғанына 95 жыл толуына арналған «Балалар әдебиетінің бәйтерегі» атты жыр кеші өтті.

Мұзафар Әлімбаев балалар әдебиетінің классигі, кеңес үкіметінің қылышынан қан тамып тұрған қысылтаяң кезеңде «Менің Қазастаным» атты поэма жазып, ұлттық рухты асқақтатқан айбарлы ақын.

Шараға М.Әуезов атындағы орта мектебінің 6 сынып оқушылары мен сынып жетекшісі Асылай Қоңқашева апай шараға тамаша дайындықпен келгендерін көрсетті. Шарада Шахриза Қайырғали Құрманғазы атамыздың «Ақ желең» күйін тамылжыта орындап, балалар жазушының «Атамекен», «Кітап – жеміс ағашы», «Ана тілі», «Үлкендерге ергенде» т.с.с. өлеңдерін жатқа айтты. Ал «Бейбіт жылдардың арқасы» шығармасынан Исмаил Ноян мен Гүлназым Сәрсенова, Азамат Бисенбай, Арай Асланбекқызы қойған көрініс ерекше болды.

Кітапханашы М.Темірғалиева балаларға арналған жазушының мақал-мәтелдерінен, сөз жұмбақтарынан сұрақтар қойылып, балалар белсенділікпен жарыса жауаптарын тауып отырған шара кезінде тақырып аясында кітап көрмесін кітапханашы Т.Суханбердиева библиографиялық шолу жасады. Кеш соңында кітапхана меңгерушісі Б.Темірболатова келген қонақтарға рахметін айтып, естелік сыйлық ұсынды.

Диас АЙБАРОВ.

Яндекс.Метрика

Біз туралы

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 2018 жылғы 16 мамыр күні тіркеліп, тіркеу туралы 17101-Г куәлігі берілген.

Редакцияның мекен-жайы: Индер ауданы, Индербор кенті, Д.Қонаев-18.

Байланыс телефоны: 8 (712-34) 2-11-80, 2-15-26, 2-11-42 (факс)

Электронды пошта: dender_gz10@mail.ru