Вы здесь: HomeМәдениетКітап көрмесін тамашалауға оқушылар асықты

Кітап көрмесін тамашалауға оқушылар асықты

Бөлімі: Мәдениет
27 Ноябрь 2018

Аудандық балалар кітапханасында қазақ әдебиетінің аса көрнекті өкілі, дауылпаз ақын, жырау Мұрат Мөңкеұлының туғанына 175 жыл толуына орай «От ауызды, орақ тілді, шешен ақын» атты кітап көрмесі жасақталды.

Көрмеге ақынның қанатты сөздері, портреті мен мазары, домбыра, кітапхана қорында бар Мұрат Мөңкеұлының барлық кітаптары қойылды. Оны тамашалауға кітапхананың тұрақты оқырмандары және М.Әуезов атындағы орта мектептің мұғалімі Қамажай Тайбалиева мен 4 сынып оқушылары қатынасты.

Алдымен кітапхана меңгерушісі Болған Темірболатова ақынның өмірі мен шығармашылығына тоқталып, кітапханашы Тұрсынай Суханбердиева кітап көрмесіне библиографиялық шолу жасады. Сондай-ақ, кітапхана қызметкерлері балаларға тәрбиелік мәні зор, отансүйгіштікке, бауырмалдыққа, адалдыққа баулитын шараларымыздың куәсі болуға шақырды. Тәрбиелік мәні кеш аясында оқушылар өлеңдерін оқып, күмбірлете күй шертті.

Тоқтала кетейік, жалпы бұл аудандық балалар кітапханасында Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Жолдаулары мен «Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру» мен «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласындағы айтылған бастамаларды қолдау мақсатында көптеген іс-шаралар өткізіліп келеді.

Д.АЙБАРОВ.

Яндекс.Метрика

Біз туралы

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 2018 жылғы 16 мамыр күні тіркеліп, тіркеу туралы 17101-Г куәлігі берілген.

Редакцияның мекен-жайы: Индер ауданы, Индербор кенті, Д.Қонаев-18.

Байланыс телефоны: 8 (712-34) 2-11-80, 2-15-26, 2-11-42 (факс)

Электронды пошта: dender_gz10@mail.ru