Вы здесь: HomeМәдениетТұғыры биік тарлан

Тұғыры биік тарлан

Бөлімі: Мәдениет
31 Октябрь 2018

Қазақтың біртуар ұлдарының бірі – ақын, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Қ.Жылқышиевтің шығармашылығына арналған «Тұғыры биік тарлан» атты әдеби кеш өтті.

Әдемі кештің шымылдығы ақынның өмірінің әр белесінен сыр шертетін, видеомен ашылды. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласынан туындайтын міндеттеріміздің бірі ұлтымыздың ұлыларын қастерлеу, оны ұрпақ санасына мұра етіп жеткізу болып табылады десек, бүгінгі кешіміздің бірден-бір дәлелі. Аудандық мұражай және кітапхана ұжымдарының ұйымдастыруымен өткен шараға ақын – жазушылар мен оқушылар қатысты.

С.Сейфуллин атындағы орта мектептің 6 сынып оқушылары Сағат Алихан, Айжан Амирханова, Марат Шырайлым, Назгүл Сайынова, Исламғали Айшабибі, Серік Аршат, Ш.Уәлиханов атындағы орта мектеп оқушысы Еділ Оңғар ақынның өлеңдері жалындата әсерлі оқыса, М.Әуезов атындағы орта мектеп оқушысы Иса Нұрасыл өз жүрегінен туындаған арнауын, ал Рза Нұрмағамбетова «Перзент парызы» әнін шырқап, мерейгердің шығармашылығына арналған әдеби – сазды кештің мәні мен сәнін келтірді.

Салтанатты кеште Сансызбай Базарбаев, Кеңес Сахи, Самиғолла Ғалым сынды қаламгерлеріміз жиналғандарға оның қилы тағдыры мен бүгінге жеткен шығармалары, азаматтығы туралы тың деректерін сөз етті.

Г.ИГІЛІКҚЫЗЫ.

Яндекс.Метрика

Біз туралы

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 2018 жылғы 16 мамыр күні тіркеліп, тіркеу туралы 17101-Г куәлігі берілген.

Редакцияның мекен-жайы: Индер ауданы, Индербор кенті, Д.Қонаев-18.

Байланыс телефоны: 8 (712-34) 2-11-80, 2-15-26, 2-11-42 (факс)

Электронды пошта: dender_gz10@mail.ru