Вы здесь: HomeМәдениетЖаманқұдықтан да жақсылар шыққан

Жаманқұдықтан да жақсылар шыққан

Бөлімі: Мәдениет
24 Октябрь 2018

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері, ауданның Құрметті азаматы Жылқышиев Қойшығұл Өмірұлының 70 жас мерей тойы туған жерінен бастау алды.

Ақынды сонадайдан аудан әкімі С.Арыстан қарсы алып, алдымен туған жері Жарсуат ауылы, Махамбет атындағы орта мектебінде болып, әсерлі кездесу өтті. Онда ақын өткен жылы туған жерге тартуы ретінде уәде берген мектептегі жас ақындардың өлеңдерінен құралған «Арман керек адамға» атты жинағын табыс етсе, Қ.Жылқышиев атындағы дәстүрлі стипендия үлгілі оқуы үшін Барисова Елназ Елдосқызына бұйырды.

Әсерлі кездесу орталықтағы «Гранд Холл» мейрамханасында жалғасып, ақынның тойына жиналған жұрт облыстық өлке тану музейінің «Туған жердің – жыр атасы» атты фотокөрмесімен және «Ақындық тұлға айнасы» айдарымен қойылған аудандық орталықтандырылған кітапхананың кітап көрмесімен танысып, ақынның өмірдегі, өнердегі жолы, шығармашылық жұмыстары жөнінен мол мағлұмат алды.

Шарада аудан әкімі С.Арыстан мерейтой иесін 70 жасымен құттықтап, иығына шапан, жұбайына камзол сыйлап, құрмет көрсетті. Ал аудан өнерпаздары әннен шашу шашып, кездесудің көркін қыздырды.

Өз тілшіміз.

Яндекс.Метрика

Біз туралы

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 2018 жылғы 16 мамыр күні тіркеліп, тіркеу туралы 17101-Г куәлігі берілген.

Редакцияның мекен-жайы: Индер ауданы, Индербор кенті, Д.Қонаев-18.

Байланыс телефоны: 8 (712-34) 2-11-80, 2-15-26, 2-11-42 (факс)

Электронды пошта: dender_gz10@mail.ru