Вы здесь: HomeГазет тарихы

Газет тарихы

«Дендер» газетінің тарихы

Атырау облысы, Индер ауданының «Атырау-Ақпарат» ЖШС-не қарасты «Дендер» қоғамдық-саяси газеті 1934 жылы «Социалистік мал шаруашылығы» (кейін «Коммунизм жолы», «Индер», 1993 жылдан «Дендер») деген атаумен бұрынғы аудан орталығы болған Есбол ауылында жарық көрді.

Алғашқы редакторы Ғабды Аманғалиев кейін «Егемен Қазақстан»» қабырғасында бөлім меңгерушісі болып жұмыс істесе, тағы бір редакторымыз Төлеубай Ысқақов (альбомға бірнеше суреті енген) орталық газеттің Ақтөбе облысы бойынша, меншікті, ал Мақажан Қабиев Атырау облысы бойынша қоғамдық негіздегі  тілшісі болған.

Сондай-ақ танымал ақындар Меңдікеш Сатыбалдиев, Нәсіпқали Сейітов, Қойшығұл Жылқышиев, Күзембай Әміров, Табылды Досымов, еңбек жолдарын бастаса, көптеген талантты жас ақындар, соның бірі  Әлия Дәулетбаева, Салтанат Кемалиева, Гаухар Шыныбекова, Жәнібек Садиров, Әділет Орынбасаров, т.б. бірнеше ақынның алғашқы өлеңдері де осы газетте жарияланып, тұсауы кесілген.

«Дендер» газетінің бірінші нөмірі, оның шыққан күні жөнінде, өкінішке орай, қолымызда толық дерек жоқ. Ал ол өткен белестер жайлы сөз еткенде, біздің сүйенеріміз КСРО Бүкілодақтық кітап палатасынан 1986 жылы алдырған құжатымыз.

Онда былай делінген: «Есбол аудандық партия комитеті мен аудандық кеңестің органы «Социалистік мал шаруашылығы»(Дендер») газетінің қолда бары 1937 жылғы шілдеде шыққан 48 /176/-ші нөмірі.

Газет 1958 жылдың 12 қарашасынан 1962 жылдың 1 мамырына дейін «Коммунизм туы» деген атпен шықты. Оған редактор болып Дошу Шененов қол қойды.

1963 жылы Бақсай және Есбол аудандары біріктіріліп, Махамбет аумақтық басқармасы құрылған кезде газет «Малды өңір» газетінің шежіресіне қосылды.

Ал 1965 жылы Индер  /бұрынғы Есбол/ ауданы өз алдына қайтадан енші алып, құрылғаннан кейін сол жылдың 31 мамырында газет «Индер» деген атпен аптасына үш реттен шықты. Редакторы бұрынғы облыстық газет редакторының орынбасары болып істеген Уәжит Машанов болды.

Газет 1993 жылдың 1 қаңтарынан «Дендер» деп аталып, аптасына екі реттен, төрт бет болып шыға бастады. Мәселен, 1997 жылы 1227 таралымы болған. Ал 2000 жылдардан бастап аптасына бір реттен 16 бетпен шығып келеді. Оның 1-ші және соңғы беті түрлі-түсті.

Жоғарыда газеттің  алғашқы нөміріне Ғабды Аманғалиев қол қойғанын жаздық. Содан кейінгі жылдарда Сүндетқали Ерғалиев, Қабдол Қарабалин, Ізни Нұрқасымов, Дошу Шененов, Ғилымғали Сайханов, Теңдік Жауыров, Уәжит Машанов, Төлеубай Ысқақов, Мүтәлі Шәріпов, Ізтелеу Көпбаев, Ерсайын Көшек, Сансызбай Базарбаев, Сүйеу Халықов, Назарбек Қосшиев, 2011 жылдан Жанай Амантурлин бас редактор болып жұмыс жасап келеді.

«Дендер» өзге де аудандық газеттермен бірге 2003 жылы облыста құрылған «Атырау-Ақпарат» КМК (кейін ЖШС) теңгеріміне алынып, Атыраудан шыға бастады.

Газет 2004 жылдан бастап, аптасына бір рет 16 бет болып, түрлі-түсті бояумен шығады. Бүгінгі таралымы 3700 дана төңірегінде.

 

Газеттің марапаттары

1. КСРО Журналистері одағының М.И.Ульянова атындағы сыйлықтың 5 дүркін ( 1971, 1974, 1977, 1980, 1987 жылдары. Москва.) иегері.

2. Грамота – аудандық газетті безендірудегі табысты еңбегі үшін, Қазақстан Журналистер одағы, Алматы, 1971 жыл.

3. Грамота – аудандық газетті безендірудегі табысты еңбегі үшін, Қазақстан Журналистер одағы, Алматы, 1972 жыл.

4. Облыста бұқаралық ақпарат құралдары арасындағы конкурстың бірінші дәрежелі дипломы, Атырау, 1972 жыл.

5. Облыста социалистік жарысты көркем жазудағы шеберлігі үшін бірінші дәрежелі диплом, Атырау, 1973 жыл.

6. Грамота-ҚазКСР ДОСААФ комитеті әскери-патриоттық тәрбие тақырыбындағы үздік материалдары үшін, Алматы, 1975 жыл.

7. Қазақстан Журналистері одағының үшінші дәрежелі дипломы, Алматы, 1975 ж.

8.Қазақстан Журналистері одағының бұқаралық жұмыстарды жетілдірудегі жұмыстары үшін бірінші дәрежелі дипломы мен ақшалай сыйлығы, Алматы, 1980 жыл.

9. Облыстық кеңес атқару комитетінің газеттің 5 мыңыншы санының шығуына орай Грамотасы, Атырау,1981 жыл.

10.Қазақстандағы табиғатты қорғауды насихаттаудағы ізденістері үшін республикалық арнайы жүлде, Алматы, 1981 жыл.

11.Облыста азық-түлік бағдарламасын насихаттаудағы озық жұмыстары үшін, Атырау, 1982 жыл.

12.Қоршаған орта мен табиғатты қорғау бағытындағы жұмыстары үшін, Алматы, 1982 жыл.

13.Қазақстан журналистері одағының газетті көркем-безендірудегі жетістіктері үшін дипломы, Алматы, 1989 жыл.

14.М.Өтемісұлының 200 жылдық мерейтойына байланысты жарияланған «Жаһанға біткен бәйтерек» атты облыстық конкурстың жеңімпазы, Атырау, 2003 жыл.

15.Газеттің 75 жылдығына орай Қазақстан Журналистер одағының дипломы, Алматы, 2009 жыл.

16.2015 жылы 5 ақпанда «Дендер» газетінің 8000 саны шығарылып, облыстағы «Атырау-Ақпарат» ЖШС (директоры Т. Берішбаев) қарасты баспасөз орталығында журналистер үшін көрме және баспасөз мәслихаты ұйымдастырылып, ардагерлер мен үздіктер марапатталды.

 

Осы бөлімдегі өзге де материалдар: « Біз туралы Редакция құрамы »

Яндекс.Метрика

Біз туралы

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 2018 жылғы 16 мамыр күні тіркеліп, тіркеу туралы 17101-Г куәлігі берілген.

Редакцияның мекен-жайы: Индер ауданы, Индербор кенті, Д.Қонаев-18.

Байланыс телефоны: 8 (712-34) 2-11-80, 2-15-26, 2-11-42 (факс)

Электронды пошта: dender_gz10@mail.ru