Вы здесь: HomeДенсаулықБалшықпен емдеу бөлмесі ашылды

Балшықпен емдеу бөлмесі ашылды

Бөлімі: Денсаулық
22 Ноябрь 2018

Іргедегі Тұздыкөлдің шипалы емін бізде қырық күн шілде болғанда ғана пайдалануға мүмкіндік туатын.

Енді, міне алысқа бармай-ақ, жылдың кез-келген мезгілінде шипалы балшықтың емін аудандық емханада пайдалануға мүмкіндік туып отыр. Бұл жағымды жаңалықты біз аудандық орталықтандырылған аурухананың директоры Анар Доспаевадан білген болатынбыз.

Бас дәрігер жаңа ашылған бөлімде емхананың невропатолог, хирург, терапевт сынды дәрігерлері науқастың ауру түрлеріне қарай балшықпен емдеу бөлмесіне жолдай алатындығын айтты. Балшықпен емдеу бөлмесімен қатар минералды ванна және демалыс бөлмесі қатар орналасқан. Емдеу уақыты сырқаттың дертіне қарай 20-30-40 минуттың аралығын құрайды. Сырқат емдеу курсы аяқталған соң бірден тысқа шығып жел тигізбей арнайы демалыс бөлмесінде шәйін ішіп, демалып шығуына жағдай жасалыпты. Ал әзірге балшықпен емдік шараларын физиотерапия ембикесі Жұмагүл Жексенғалиева жүргізуде.

С.САНСЫЗБАЙҰЛЫ.

Суретте: невропатолог-дәрігер А.Ермекқалиева және ембикелер Ж.Жексенғалиева мен Т.Камалова.

Яндекс.Метрика

Біз туралы

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 2018 жылғы 16 мамыр күні тіркеліп, тіркеу туралы 17101-Г куәлігі берілген.

Редакцияның мекен-жайы: Индер ауданы, Индербор кенті, Д.Қонаев-18.

Байланыс телефоны: 8 (712-34) 2-11-80, 2-15-26, 2-11-42 (факс)

Электронды пошта: dender_gz10@mail.ru