Вы здесь: HomeДенсаулықТуберкулез адам бой тасалап жүр

Туберкулез адам бой тасалап жүр

Бөлімі: Денсаулық
20 Сентябрь 2018

Ауылдың ахуалы, бюджетті бекіту сынды мәселелер аудандық мәслихаттың кезекті ХХVI сессиясында талқыға салынды.

Аудандық мәслихат депутаты Қайырлы Гильмановтың төрағалық етуімен өткен сессияға аудан әкімі мен орынбасарлары, округ әкімдері мен бөлім басшылары, құзырлы органдар басшылары мен  депутаттар, бұқаралық ақпарат өкілдері қатысты.

Сессияның күн тәртібіндегі негізгі  мәселеде Жарсуат ауылдық округінде биылғы атқарылған жұмыстар тыңдалды.

Баяндамада атқарылған істермен қатар «әттеген-айлар» да айтылды. Мысалы, нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы аясында биыл мал басын асылдандыруға 1 адам 3 275  мың теңге  және 1 адам жолаушыларды тасымалдау бағыты бойынша 3 млн. теңге көлемінде несие алып жұмыстарын жүргізіп жатыр. Алайда былтырғы жылы  5 адам осындай мемлекеттік бағдарламамен 32 млн. теңге несие алған. Демек, кәсіпкерлікке келгенде несиеге қолжетімділік немесе ынта төмендеп кеткен.

Сонымен қатар округ әкімі денсаулық, білім, әлеуметтік көмек тағайындау,  абаттандыру  сынды тағы басқа салалары бойынша да тоқталып өтті. Баяндаманы талқылау барысында аудандық аурухананың бас дәрігері Анар Доспаева округтегі Кетебай мен Бұқар ауылдарындағы медициналық пунктті жабуға тура келгенін айтты. Себебі, тиісті талапқа сәйкес медициналық                    пунктте ауылда кем дегенде халық саны 50-ге жету керек болса, Кетебайда 44  адам ғана екен. Ал шалғайдағы  Бұқар ауылын медициналық көмекпен қамтуға маңындағы Қызылқоға ауданына қарасты Қарабау ауылына ұсынылып отыр. Бұл бағытта ауыл тұрғындарына түсіндіру жұмыстары жүрмек.

Округ әкімі Ә.Балахметов болса, туберкулез таратушы адамның отбасы оның қайда жүргенін жасырып отыр десе, АІІБ-нің өкілі бұл бағытта іздестіру жұмыстары жүргенімен нақты таба алмай отырғанын алға тартты. Аудандық мәслихат депутаты Мұрат Ілиясов ауылдықтардың бірден-бір күнкөрісі саналатын малдың ұрлығы қайталанып отырғандығын, алайда  ұрылар ұстала бермейтіндігін  көтерді.

Күн тәртібінде қаралған мәселелердің тиісті шешімі қабылданды.

Материалдың толық нұсқасын "Дендер" газетінің 20.09.18 ж. №38 (8189)

санынан оқи аласыздар.

 

Яндекс.Метрика

Біз туралы

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 2018 жылғы 16 мамыр күні тіркеліп, тіркеу туралы 17101-Г куәлігі берілген.

Редакцияның мекен-жайы: Индер ауданы, Индербор кенті, Д.Қонаев-18.

Байланыс телефоны: 8 (712-34) 2-11-80, 2-15-26, 2-11-42 (факс)

Электронды пошта: dender_gz10@mail.ru