Вы здесь: HomeДенсаулықКенеден келетін кесел

Кенеден келетін кесел

Бөлімі: Денсаулық
26 Апрель 2018

Конго-Қырым қанды қызбасының негізгі қоздырғышы–иксодты кенелер, ал, вирустың уақытша резервуары  жануарлар (ірі қара мал, қойлар, ешкілер) болып табылады.

Конго-Қырым қанды қызбасының қоздырғышы трансмиссивтік (иксодты кенелер шаққан кезде), байланыс және аэрогендік жолмен беріледі.

Адам ауруды зақымдалған кенелер шаққан, малды қырыққанда және оларды кенелерден қолмен тазартқан кезде кенелердің ішіндегісінің дененің ашық бөліктеріне түсуі нәтижесінде, науқастарды күткенде және оларға медициналық көмек көрсеткенде жұқтырады. Зертханалық жағдайда Конго-қырым қанды қызбасының қоздырғышымен жұмыс жасағанда тамшылы-респираторлық жолмен жұқтыруы мүмкін.

Аталмыш аурудың негізгі белгілеріне теріге қан құйылу, қызыл иек, мұрын, құлақ, жатыр, асқазан-ішек қан кетулері тән және дер кезінде медициналық көмекке жүгінбеген жағдайда науқастың өміріне қауіп төндіреді.

Қазіргі уақытта Конго-Қырым қанды қызбасына қарсы сенімді және тиімді вакциналар жоқ.

Конго-Қырым қанды қызбасының  алдын алудың негізгі шараларының бірі адамдардың кене шағудан сақтануы болып табылады. Кенелер адам мен малдарға ерте көктемде және жазда шабуыл жасайды. 

Кенелерді жалаң қолмен алып тастауға және жаншуға болмайтынын білу маңызды. Егер кене денеге қадалып үлгерген болса, онда оны қолмен ажыратпай, сақтықпен алған жөн. Денеге қадалған кенені  пинцет қолдана отырып,теріге қадалған тұмсығын қалдырмауға тырысып, сағат тілімен ақырын шығарып  алу қажет.  Бұл  қолға қолғаптар кию арқылы жүргізілуі тиіс.

Кенені алып шыққан соң қолды сабындап жуып, ал шаққан жерді йодпен залалсыздандырады. Алынған кенені  құтыға салып (шыны ыдыс, герметик қорап т.с.с.),  кене жұқпасының болуына зерттеу үшін арнайы зертханаға жолдайды.

Кене шаққан адамдар тұрғылықты жері бойынша емдеу-алдын алу  мекемесіне қаралып, 2 апта диспансерлік бақылауда тұруға міндетті. Медициналық бақылау Конго-Қырым қанды қызбасымен науқастарды ерте анықтау және жұқпаның әрі қарай таралуын болдырмау мақсатында жүргізіледі.

Өз бетімен емделмеген жөн, бұл өмір үшін қауіпті. Сондықтан сізді кене шағып, жағдайыңыз нашарлағанын сезінсеңіз, дереу дәрігерге қаралыңыз.

 

З.Қайреденова,

Атырау облысы Қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің карантинді және аса қауіпті жұқпалы ауруларды эпидқадағалау бөлімінің бас маманы.

 

Яндекс.Метрика

Біз туралы

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 2018 жылғы 16 мамыр күні тіркеліп, тіркеу туралы 17101-Г куәлігі берілген.

Редакцияның мекен-жайы: Индер ауданы, Индербор кенті, Д.Қонаев-18.

Байланыс телефоны: 8 (712-34) 2-11-80, 2-15-26, 2-11-42 (факс)

Электронды пошта: dender_gz10@mail.ru