Вы здесь: HomeБілім және ғылым«IQанат» олимпиадасы – ауыл балалары үшін мүмкіндік

«IQанат» олимпиадасы – ауыл балалары үшін мүмкіндік

10 Декабрь 2018

Жақында Сәкен Сейфуллин атындағы орта мектебінде 9 сынып оқушыларына арналған «IQанат» олимпиадасы өтті.

Олимпиаданың бірінші кезеңі 30 қарашаға дейін жүргізілсе, екінші кезеңі 5 желтоқсанда ұйымдастырылды, ал үшінші кезеңі мамыр айында өтеді деп жоспарлануда. Бұл жөнінде Л.Сарсембаеваның айтуынша, биылғы жылы басталған жобаға республика көлемінде жүзеге асып жатырғанымен, біздің облыстан қатынасу аз екендігін алдағы уақытта оқушылар сайтына кіріп тіркеліп, дайындалуына болатынын хабарлады.

Жалпы «IQанат» олимпиадасы – бұл ауыл балалары үшін мүмкіндік. Республиканың басқа аймақтарында өткізілген бұл олимпиада облыста биыл алғаш рет өткізілді. Жоба бойынша үздік танылған олимпиада жеңімпаздары шетелдік, қазақстандық ЖОО-ның грант иегері болу, екі жыл бойы ҰБТ-ға дайындыққа қолдау мүмкіндіктеріне ие болады. Бұл қазақстандық кәсіпкерлердің ауыл балалары үшін жасап отырған зор қолдауы.

Олимпиада математика, физика, ағылшын тілі пәндері мен «Эрудит» эссе жазу бойынша оқушылар бақ сынады. Биылғы жылы аудан бойынша 96 бала бақтарын сынады. Оқушылар нәтижесі бір айдан кейін сайтқа шығады. Оқушыларымыз жақсы жетістіктерімен ата-анасын, мектебін қуантып, өздерінің болашақтағы жолдарының ашық болуына, жарық болуына жол ашары сөзсіз.

Әсел САРҒОЙШИНА,

аудандық білім бөлімінің әдіскері.

Яндекс.Метрика

Біз туралы

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 2018 жылғы 16 мамыр күні тіркеліп, тіркеу туралы 17101-Г куәлігі берілген.

Редакцияның мекен-жайы: Индер ауданы, Индербор кенті, Д.Қонаев-18.

Байланыс телефоны: 8 (712-34) 2-11-80, 2-15-26, 2-11-42 (факс)

Электронды пошта: dender_gz10@mail.ru