Вы здесь: HomeБілім және ғылымҚос бастауыш ұйым үздік атанды

Қос бастауыш ұйым үздік атанды

22 Ноябрь 2018

Елбасы, партия Төрағасы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған Жолдауынан туындайтын міндеттерді жүзеге асыруға «Нұр Отан» партиясының аудандағы ұйымдары да белсене үлестерін қосуда.

Осы бағыттағы жаңашылдық жұмыстарына орай 500-ден 1000-ға дейін мүшесі бар Индер бастауыш ұйымы (төрағаның орынбасары Бақберген Сахипов) облыс бойынша өткен байқауға қатысып, қорытындысында жұмысы үздік танылып, арнайы марапатталған.

Сонымен бірге 100-ге дейінгі мүшесі бар ұйымдар арасынан Индербордағы «Көктем» бастауыш партия ұйымы да (жетекшісі, аудандық мәслихаттың депутаты Орынша Ділмұқашева) зор қуанышқа кенелді.

-«Нұр Отан» партиясы Атырау облыстық есеп беру-сайлау конференциясына облыстан 300-дей делегат қатысса, (ауданнан 28 адам), осы үлкен шара үстінде индерліктерге бұл марапаттары салтанатты жағдайда табыс етіліп, баршамызға зор қуаныш сыйлады,-дейді аудандық ұйым төрағасының бірінші орынбасары Өтепберген Оразғалиев. Ендеше марапаттарыңыз құтты болсын демекпіз.

С.ХАЛЫҚОВ.

Яндекс.Метрика

Біз туралы

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 2018 жылғы 16 мамыр күні тіркеліп, тіркеу туралы 17101-Г куәлігі берілген.

Редакцияның мекен-жайы: Индер ауданы, Индербор кенті, Д.Қонаев-18.

Байланыс телефоны: 8 (712-34) 2-11-80, 2-15-26, 2-11-42 (факс)

Электронды пошта: dender_gz10@mail.ru