Вы здесь: HomeБілім және ғылымБижамалдың биігі

Бижамалдың биігі

04 Октябрь 2018

Музыка пәнін оқытуда шығармашылық ізденісімен жұмыс жасап жүрген ұстаздардың бірі – Төлеуова Бижамал Ерғанатқызы.

Ол алғашқы еңбек жолын 1990 жылы Махамбет атындағы орта мектебінен бастап, оқушыларды әнге үйрете отырып, олардың есте сақтау қабілетін, өнерге деген құштарлығын дамытып, өзін-өзі тәрбиелей білуге, эстетикалық талғамын, дағдыларын қалыптастыру үшін жағдай жасап келеді. Өз алдына талап қоя білген ұстаз сабақ барысында жаңа оқу тәрбие әдістерімен танысып, игеруге тырысады.

Ұстаз еңбегінің нәтижесі – шәкірт көрсеткіші. Бұл тұрғыда Бижамал Ерғанатқызының шәкірттері аудан, облыс, қала берді республика көлемінде жүлделі орындарға ие болып, ұстаз сенімін ақтауда. Мәселен, Жанболат Әміржанұлы Республикалық Қадыр оқулары байқауында жүлделі І дәрежелі дипломен, ал республикалық «Жадыра, жас жарын» конкурс-фестивалінде Ақбаян Бірән дипломант, Алишер Сүйеуов І дәрежелі диплом иесі атанса, Орынай Жолдасқызы аудандық байқауда жүлделі орынға ие болды. Үнемі үзеңгіге аяқ іліндірген «асау құлындар» өнер бәйгесінде атойлап, сахнаның ажарын ашып, марапаттарға ие болуы мектептен бөлек аудан үшін де зор мақтаныш. Ұстаз 2017-2018 оқу жылының қорытындысымен аудандық «Жыл мұғалімі-2018» атағына ие болды.

 

 Материалдың толық нұсқасын "Дендер" газетінің 4.10.18 ж. №40 (8191) санынан оқи аласыздар.

 

Яндекс.Метрика

Біз туралы

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 2018 жылғы 16 мамыр күні тіркеліп, тіркеу туралы 17101-Г куәлігі берілген.

Редакцияның мекен-жайы: Индер ауданы, Индербор кенті, Д.Қонаев-18.

Байланыс телефоны: 8 (712-34) 2-11-80, 2-15-26, 2-11-42 (факс)

Электронды пошта: dender_gz10@mail.ru