Вы здесь: HomeБілім және ғылымМатематик Мейрамгүл

Математик Мейрамгүл

04 Октябрь 2018

Әрбір оқу жылының қорытындысымен мұғалімдердің дәстүрлі тамыз кеңесі өтіп, онда үздіктердің құрметке бөленетіні аян.

Міне, осы жиында биыл алғаш рет берілген «Жылдың үздік әдіскері» атағын аудандық білім бөлімінің әдіскер Мейрамгүл Төремұратова Құрметқызы жеңіп алған болатын.

Жасандылықты қаламайтын, уақыт талабынан қалыс қалуға төзбейтін мұғалім мамандығын Мейрамгүл бала кезде, әкесінің қарындасы Балжан апасына қарап армандаған екен. Аудандағы С.Сейфуллин атындағы орта мектепте білім алған кейіпкеріміздің мұғалім болып қалыптасуына сынып жетекшісі Орынша Ділмұқашева мен математика пәнінің мұғалімі Гауһар Серікбаеваның біліктілігі мен адамгершілік қасиеті және көпшілік арасындағы сыйластығының әсері тиіпті.

Үздік әдіскер білім беру үрдісін ақпараттандыру арқылы білім саласын арттыра отырып, ұстаздардың кәсіби біліктілігі мен педагогикалық шеберлігін көтеріп, жұмыстарын жүйелеуге жұмыс жасап келеді. Одан қалса әйел адамның күнделікті үй жұмысы. Отбасында жолдасы Бейбіт Тұрғалиев мұнай саласында еңбек етсе, Дария мен Рауан есімді қылықты қыздары «Көктем» қазақ орта мектебінің оқушылары.   

«Ғылымдардың патшасы – математиканы» игерген әдіскер Мейрамгүл Құрметқызы ізгі қасиеттерімен, еңбекқорлығымен, парасаттылығымен, жауапкершілігімен бұдан да биік белестерді бағындыра береді деген сенімдеміз.

Материалдың толық нұсқасын "Дендер" газетінің 4.10.18 ж. №40 (8191) санынан оқи аласыздар.

 

Яндекс.Метрика

Біз туралы

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 2018 жылғы 16 мамыр күні тіркеліп, тіркеу туралы 17101-Г куәлігі берілген.

Редакцияның мекен-жайы: Индер ауданы, Индербор кенті, Д.Қонаев-18.

Байланыс телефоны: 8 (712-34) 2-11-80, 2-15-26, 2-11-42 (факс)

Электронды пошта: dender_gz10@mail.ru